Зорлық зомбылықтың алдын алу жұмыстары бойынша оқыту тренингтері Қызылорда облысында ұйымдастырылды. Тренингті Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры, педагог-психолог Матаева Алтыншаш Туменбаевна жүргізді.

Тренингке ауданның сынып жетекшілері, психологтары, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары қатысты.      

Жанақорған ауылының қатысушысы – «отбасындағы зорлыққа қатысты тақырып, әрдайым жанжалмен аяқталады, оның соңы қылмысқа апаруы мүмкін. Психолог ретінде маған бұл тақырып өте қызық. Күнделікті түрлі стреске шалдығатын баланың психологиялық денсаулығы, менің жұмысымның нәтижелігіне байланысты. Әрқайсымыз үшін, отбасы сенімді ошақ болуы керек және әр отбасында жағымды психологиялық ахуал орнауы тиіс. Мен үнемі жұмысыма қажетті жаңа ақпараттар іздеу үстінде жүремін, бүгінгі жиынға да дәл осы себеппен келіп отырмын» - деп өз ойымен бөлісті.

Тренинг барысында қатысушылар қылмысқа итермелеуі мүмкін болатын агрессияның пайда болу себептерін анықтады, сонымен қатар, агрессияны күшейтетін немесе бәсеңдететін факторлармен танысты. Мұғалімдер, семинарда тәжірибелік бөлімді орындау барысында, қатысушыларға психологиялық көмек көрсету аспектілерін талқылады.

Тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Матаева А.Т.,

Астана қаласының Отбаслық тәрбиелеу орталығының директоры