2015 жылдың 9-14 ақпаны аралығында Астана қаласының Отбасылық Тәрбиелеу Орталығы Атырау облысының аймақтарында кезекті көшпелі семинар-тренингтер жүргізді.

Сабақтарға білім беру мекемелерінің педагог-психологтары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Кездесулер тақырыбы қазіргі қоғамның ушығып тұрған проблемаларына арналды, ол: «Әлеуметтік-психологиялық девиациялар: маскүнемдік, нашақорлық».

100-ден астам педагог егер ата-аналар мектеппен байланыс орнатқысы келмесе, олармен қалай жұмыс істеу керек, егер жасөспірім өте талантты, бірақ гиперактивті болса, және үнемі төбелессе, не істеу қажет, бойында алкогольге тәуелділік байқалатын баламен қалай жұмыс істеу керек деген сұрақтарға жауап алды.

Отбасылық тәрбие жөніндегі көшпелі тренингтер ауыл педагогтары күнделікті жұмыста кездестіретін, бала тәрбиесі процесінде туындайтын көптеген проблемалардың мәнін ашады, тіпті кейде оқушылардың ата-аналарымен қалай жұмыс жүргізу керек екендігін білмейтін олар, жауапкершілігі жоғары ата-ана болу жөнінде нақты ұсыныстар мен кеңестер бере алмайды. Тренинг қатысушыларының бірі «шарасыздықтан не істерімді білмейтін кездерде, жанжалды жайттың шешілуіне көмек көрсете алмағандықтан, өзіме көңілім толмайтын кездер де болады» деп мойындады.

Бұндай жағдайларда, педагог үшін эмоционалдық күйзелістің алдын алу және өзін-өзі реттеу аса қажет. Сондықтан осы мәселе оқыту тренингінде қаралды.

Әріптетермен және басшылықпен болатын жанжалдарды қалай шешу керек; отбасылық өзара қарым-қатынастарды реттеуге қалай көмектесу керек, өзін-өзі бағалауды қалай көтеру керек – осы сұрақтар педагогтар арасында ерекше өзекті болды. Түрлі талаптар қойылғандықтан, көп жағдайда мұғалімдердің өз отбасына уақыты болмайтындығы түсінікті жайт. Бұл жерде отбасылық тәрбие жөніндегі тренер-психологтар педагогтарға «Теңгерім дөңгелегі» техникасын қолдана отырып, басым құндылықтардың әрқайсысын өз орнына қоюға көмектесті. 

Атырау облысы педагогтарының Отбасылық Тәриелеу Институтына арнаған алғыс сөздерінен біз отбасылық қарым-қатынастар педагогикасы мен психологиясы саласындағы ағарту жұмысын күшейтуде, қазіргі қазақстандық қоғамдағы отбасы мен отбасылық тәрбие мәртебесін нығайтуда дұрыс жолда келе жатқандығымызды түсіндік!