2012 жылы 28  қарашада Астана қаласы Сарыарқа ауданының АХАЖ-да «Біргеміз» Жас жұбайлар мектебінің» ашылуы өтті. Бұл іс-шараны Отбасылық тәрбиелеу институты, Астана қаласының қалалық және аудандық АХАЖ-ы ұйымдастырды.

Тренингке қатысушылар қаланың Сарырқа ауданында некеге отыруға ниет білдірген жас қыздары мен жігіттері болды. «Біргеміз» Жас жұбайлар мектебінің»  ашылуына Астана қаласының АХАЖ басшылары  мен КТК телеканалының журналистері қатысты.

 

Отбасылық тәрбиелеу инситуты жас жұбайлармен «Отбасы туралы ғылымның қысқаша даму тарихы. Отбасының қызметі, қалыпты қызмет ететін және дисфункциалдық отбасы» тақырыбында сабақ-тренинг өткізді.    

Мақсаты:

  1. Қалыпты және дисфункциалдық отбасы сөздеріне ғылыми анықтама беру;
  2. Жас жұбайларды отбасылық өмірде кездесетін дағдарыстармен таныстыру;
  3. Жас жұбайларға тұрақты, бақытты отбасы құру жөніндегі ұсыныстар беру.

Тренингтің негізгі  мақсаты: отбасы және отбасылық тәрбие туралы білім деңгейін арттыру, әрі қарай бірлескен отбасылық өмір құру үшін, тренингтің қатысушыларында жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Институттың директоры Набитовская Любовь Николавна   тренингті бастар алдында Астана қаласы Әділет департаментінің Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостилдеу жөніндегі бөлімнің бастығы  Сағындықова Гүлнәра Төлеуханқызына және Сарыарқа ауданының Әділет басқармасының АХАЖ бастығы Шәйкенова Бақытгүл Тәуекелқызына сөз берді. Олар жас жұбайларға бақытты берік отбасын  құрыңдар деген

 

Құттықтау сөздерден кейін, Любовь Набитовская Отбасылық тәрбиелеу институты және «Біргеміз» Жас жұбайлар мектебі» жобасы туралы жастарға қысқаша әңгімелеп берді. 

Әжесі өз немересіне өз бойында қайырымдылықты қалай тәрбиелеп, зұлымдықпен қалай күресу керектігін айтатын, «Қайырымдылық пен Зұлымдық туралы» ертегіні жас жұбайлар қызыға тыңдады. Біздің жүректерімізде қайырымдылық қаншалықты көп болатын болса, біздің отбасыларымызда да дағдарыстар мен проблемалар соншалықты аз болады. Қайырымдылық болса, барлығы жақсы шешіледі!!! Өмірің де таза және бақытты болады.

Бұдан кейін жас жұбайлармен бірге отбасындағы өзара қарым-қатынас туралы шағын әңгіме оқыды. Бұл әңгімеде әр түрлі отбасылық жағдайларда бір-бірін түсінудің қаншалықты маңызды екендігі және отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасты бағалау туралы сөз болды.

Любовь Николавна жастарға әрдайым өз жақындарына ілтипатты болуға және жас жұбайлардың жақында ата-ана болатындығын ұмытпауларын, сіздердің болашақтағы бірге сүретін өмірлеріңіз, балаларыңыз бен ата-аналарыңыздың өмірлері, сіздер құрған отбасылық ошаққа байланысты екендігін естен шығармаңыздар!!!,-деген жүрекжарды тілегін білдірді.

Өздеріңіздің туыстарыңызды сақтаңыздар, өз отбасыларыңыздағы қарым-қатынасты сақтаңыздар. Бір-бірлеріңізге көмектесіңздер!!! Қайырымдылық әрдайым зұлымдықты жеңеді!!! Жүректеріңіз үлкен болашаққа ашық болсын. БАҚЫТТЫ БОЛЫҢДАР!!!

Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог- кеңесші Айнұр Оралбекқызы Өмірова жас жұбайлармен таныстығын қуыршақ терапиясынан алынған «Кішкентай адам»  жаттығуынан бастады.

Сосын жас жұбайларды «Отбасы» ғылымымен таныстырды.

 

Көптеген жастар, отбасында қалай тұру керектігін білетін сияқтымыз, бірақ отбасылық тәрбие қызметтері және отбасындағы қарым-қатынас мәнері туралы толық ақпаратты меңгермеген екенбіз деп мойындайды. Сондықтан тренинг-сабақ оларға өте пайдалы болды.

Тақырыпты белсенді талқылауға атсалысқан жас жұбайлар, «Біз екеуміз бір қаннан жаралғанбыз»  және «Құсым, ән салшы!» екі жаттығуын орындады.

 

«ТЭБ сауалнамасын» (түсіністік, эмоционалдық тартылыс, беделдік)  қолданып, диагностикалық жұмысты жүргізді. Сауалнама түсіністікті, эмоционалдық тартымдылықты және некедегі серіктестіктердің сыйластығын бағалауға арналған.

Сауалнама нәтижелері біздің жас жұбайларымызға келесі кездесуде ұсыналатын болады.

 

 

Л.Д.Лебедеваның «Менің отбасым гүл түрінде» әдістемесі біздің жас жұбайларымызды суреттер әлеміне баурап әкетті. Әр жұп өзінің суретінде, өз отбасы үшін болашаққа жолдау жазып қалдырды!

Жас жұбайлар КТК телеканалының журналистерімен тренингтер туралы өз әсерлерін бөлісті. 

Ешбердиев Сержан өзінің жұбы Серәлиева Нарғызбен:

«Бізге тренинг-сабақ қатты ұнады! Біз «Отбасының қызметі», «Қалыпты және дисфункциалдық отбасы», «Отбасының дағдарыстары» тақырыптары бойынша көп нәрсе білдік. «ТЭБ сауалнамасы» және «Менің отбасым гүл түрінде» әдістемесі ұнады. Келесі сабақтарға да жұбайым екеуіміз міндетті түрде қатысамыз! Бізге отбасылық тәрбиелеу туралы психологиялық білім қажет! Отбасылық тәрбиелеу институтының «Қалай жақсы ата-ана болуға болады» атты кітабын сатып алмақпыз»,-деді

Отбасылық тәрбиелеу институты атынан жас жұбайларға «Бақыт тілейміз!» ашық хаттары және шағын сыйкәделер мен ОТБАСЫН сақтау жөніндегі ұсыныстар тапсырылды.

Мектептегі жас жұбайларға арналған келесі сабақ-тренинг 2012 жылдың 25  желтоқсанында «Жанжал. Жеңу жолдары» тақырыбында өтеді. Сабақ-тренингті  психолог-кеңесші Фуст Екатерина Андреевна жүргізеді.

Ақпаратты дайындаған: Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы А.О. Өмірова.