С.Мәуленов атындағы №37 орта мектебі (директоры – Б.А.Ахмет) 2012 жылдың 23 қарашасында «Ашық есік күндері-2012» мерекесінде қонақтарды қонақжайлылықпен қарсы алды. Қонақтардың арасында Астана қаласы мектептерінің директорлары, Отбасылық тәрбиелеу институтының және Пайдалы азық-түлік институтының, наркологиялық орталықтың өкілдері, оқушылар және ата-аналар болды. 

 

  Бұл күннің бағдарламасы оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынастарын, толеранттығын, өзін-өзі оқыту дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту, сондай-ақ мектептің ата-аналар жұртшылығының жұмысын белсендендіру мақсатында, отбасын мектептің оқу-тәрбиелік үдерісіне қатыстыруға тартудың жаңа жолдарын іздестіру ретінде ата-аналармен, тәлімгерлермен, дарынды балалармен кездесулер, мектеп оқушыларымен тақырыптық ашық сабақ-тренигтер өткізуді көздеді.

 Ашық сабақ-тренингтердің бірін Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Өмірова Айнұр Оралбекқызы  өткізді. Бұл «Жоғары сынып оқушыларын ҰБТ дайындық кезінде психологиялық  қостау» тақырыбындағы 11 (Б» сынып оқушыларымен өткізілген тренинг болды.
Тренингтің мақсаты: жоғары сынып оқушыларына стрестің салдары туралы айту; жеткіншектерге өз мінез-құлықтарының қасиеттерін түсінуге көмектесу; рефлексия және метафорикалық ойлау дағдыларын дамыту.

     Міндеттері: стресті жеңілдетуге және босаңси білуге үйрететін жаттығулар өткізу; жоғары сынып оқушыларына ҰБТ дайындық кезінде не істеу керектігі жөніндегі ұсыныстар.

Жетекші оқушылармен таныстығын «Кішкентай адам»  жаттығуынан бастады. Балалар өздері туралы ақпаратты, сулық пен фольганы пайдаланып, өз қолдарымен жасаған  кішкентай қуыршақ адам көмегімен ұсынды. Психолог оқушылардың өз мектептері, өз сыныптары туралы ыстық ықыласпен айтқан әңгімелерін сүйсіне тыңдады. Балалардың өз сынып жетекшісі Ерғалиев Қайдар Кайроллаұлын  жақсы көріп, сыйлайты байқалып тұрды. Сондықтан да танысу түрі тек қызықты ғана емес, сонымен қатар танымдық та болды.

     Жетекші денсаулық мәселесін де тоқталып, адамның психологиялық денсаулығы, оны әсіресе ҰБТ кезінде, оны қалай сақтау және арттыру керектігі туралы да айтты. Адамның өмірі үшін айрықша болатын осы өзекті тақырыпқа оқушылар да белсене қатысты. «Шағын дәріс» салауатты өмір салты ережелесін қайталауға мүмкіндік берді. Психолог тренингтің белсенді қатысушыларын тәтті сыйлықтармен ынтыландырды. 

Жетекші «Ағаштар – Мінез-құлықтар» жаттығуын  «Ғажайып орманда тұратын ағаштар-мінез-құлықтар» ертегісін оқи отырып,  релакциялық музыкамен өткізді.                                                                                                                  

Ертегіні тыңдау кезінде оқушылар ыңғайлы отырып, бойларын еркін ұстады, өздерінің ағаш-мінез-құлықтарды қалай көретіндіктерін қиялдады, ойша ашық суреттерді салды. 



Ашық тренинг-сабаққа Астана қаласы мектептерінің 17 директоры қатысты, олар да бұл жаттығуға белсене қатысты.

Ертегіні тыңдағаннан кейін, оқушылар суретке өздерінің дербес ағаштарын салды, өз ағаштарына ат қойды, ағаштарының жанына ертегі кейіпкерлерін, әдеби кейіпкерлерін орналастырды.  
Оқушылар «Ағаштар-мінез-құлықтарды» «Тату-тәтті отбасы» әнін айта отырып салды. Суреттер ашық-жарқын, қызықты және сырлы болып шықты.

     Бұл жерде тіпті директорлар да шыдап тұра алмады, олар балалардың қандай сурет салғандарын қарауға шешті.
    Сурет салу кезінде оқушылар арасында, суреттерді талқылау түріндегі еріксіз пікір-талас туды, оқушылардың бірі аздап мұңданса, енді басқалары, сурет сабағы бастауыш сыныптарда өтіп кеткендіктен, ашық бояуларды, қылқаламдарды көргеніне қатты қуанды.

Өйткені арттерапия адам бойындағы ширығуды және стресті тиімді түрде шешеді. Бұл  әсіресе жаттығу өткізген кезде айрықша байқалды.

Орындалған жұмысты талқылауға кіріскен жетекші, оқушыларға бірқатар сұрақтар қойды, атап айтқанда: сіздің кейіпкерлеріңіз қандай қасиетке ие; суретте пайдаланған кейіпкерлерді, ертегінің бірыңғай сюжетіне біріктіру қиын болды; сурет салып бітіргеннен кейін, сіз қандай сезімдессіз?   

Оқушы Әйгерім: Иә! Маған бұл жаттығу өте қатты ұнады! Мен біраз уақытқа өз бойымды босаңсытып, өзім қандай адаммын және күшті болуым үшін не істеуім керек деген ойға келдім. Біздің барлығымызда өзімізге тән мінез-құлықтарымыз бар. Ол жағымды да, мүмкін, біздің өмір сүруіміз үшін кедергі болатындай, қиын да болуы мүмкін, бірақ біз, оқушылар өз мінез-құлықтарымыздың қасиеттерімен жұмыс істеуіміз керек. Мақсатқа бағытталған, табанды мінез-құлықты шынықтыруымыз қажет, алдымызға мақсат қойып, ҰБТ жақсы тапсыруымыз керек.  


Мүмкін оның медиативтік сипатта болуына байланысты болғандықтан ба, жаттығу тренингтің барлық қатысушыларына ұнады.

«Ағаштар-мінез-құлықтар» жаттығуы рефлексия және метафорикалық ойлау дағдыларын дамытады, оқушыларға өз мінез-құлықтарының қасиеттерін түсінуге және ең бастысы босаңси білуге және ширығуды жеңе білуге жаттықтырады.


     Отбасылық тәрбиелеу институтынан сыйлық ретінде 11 «Б» сынып оқушыларына  ҰБТ дайындық жөніндегі психологиялық ұсыныстар, ал мектептердің директорларына тренингке қатысқаны үшін «Рахмет» ашық-хаттары, сондай-ақ психологиялық денсаулықты нығайтуға бағытталған аффирмациялар берілді.

                                                                       

Ақпаратты дайындаған: А.О.Өмірова