2013 жылғы 10 мамырда Шымкент қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Калатур Людмила Сергеевна №46 мектептің ата-аналарымен сабақ өткізді. Тренингке 10 сынып оқушыларының 30 астам ата-аналары қатысты.

 

   Сабаққа №4 Облыстық перинаталдық орталықтың психологы   Медеуова  Қалина  Шерімқызы шақырылды, ол адам ағзасына, әсіресе жүкті кезінде, жас аналардың азғасына алкологоль мен темекіні пайдаланудың зияндылығы туралы айтып берді.

   Людмила Сергеевна «Алкологоль улану бағдарламасы», «Алкологольден құтылу бағдарламасы» кестесін дайындады, бұл кестелер, өзіңді алкологольден қалай қорғауға болатынын көрсетеді және алкологоль бұл – жұқпалы зиянды әдет және алкологолизмнен қорғау бұл – салауаттылық екенін дәлелдейді. «Ұран», «Таңдау» және т.б. сияқты бірнеше қызықты жаттығулар өткізілді.

  

Тренинг өте қызықты өтті, психолог қоғамдағы алкологолизмнің себептерін нақты айтып берді, жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттер санының, соның ішінде, алкологолизм мен темекі тартудың  көбеюіне ата-аналардың назарын аударды.  Алкологоль адам ағзасына қалай зиянды әсер ететінін айтты, жасөспірімді теріс әдеттердің ықпалынан қалай қорғауға болатын туралы ұсыныстар берді, әр адамның өмірін салауатты түрде нығайту бойынша алдын алу жұмысында, отбасы мен отбасылық тәрбиенің қаншалықты маңызды екенін айтып берді.

 

Ақпаратты дайындаған:

А.О. Өмірова – Отбасылық тәрбиелеу орталығының бас маманы.

Жұмыс телефоны: 8(7172) 94-99-61.