«Бақытты отбасы» жобасының қатысушылары үшін, әлемдік және республикалық деңгейдегі адамдармен кездесу, дәстүрлі сипат алып келеді. «Алау» қонақ үй кешенінің залында біздің еліміздегі мектеп психологтарының, американдық ғалым, саясат ғалымдарының докторы Чарльз Зигнер мырзамен кездесуі, достық және ілтипатты жайма-шуақ ахуалда өтті.

 

   … ол тыңдаушылардың, Отбасылық тәрбиелеу институтының біліктілікті көтеру курстарында алып жатқан отбасылық тәрбиелеу туралы білімдері, азаматтық қоғам үшін маңызды екенін, бүгінгі таңда жастарды тәрбиелеу мәселесі, тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Америкада да өзекті екендігін атап өтті.

   Қазіргі кезде бүкіл әлемде, балалар көбіне өз-өзімен, ал ата-аналар жұмысбастылықтан, балаларына аз көңіл аударып, уақыт бөлмейтін үрдіс байқалады. «Және де, тек ғана отбасылық психология ғана, бұл жағдайды түзете алады. Өйткені, тек олар ғана, әр ата-анаға деген қатынастың дұрыс, сауатты және білікті тәсілін біледі және тек олар ғана ата-анаға өз баласын дұрыс тәрбиелеудің маңыздылығына назар аударуларын өтіне алады»,-деді профессор.

   Кездесу диалог форматында өтті. Институттың студенттері мен оқытушылары сұрақтар қойды. Негізінен, оларды отбасы мәртебесі және отбасының рөлі, американдық қоғамдағы отбасылық тәрбиелеу, американдықтардың Қазақстаннан асырып алған балалардың мүдделерін қорғау, Америкадағы көп балалы аналардың жағдайы туралы ақпараттар қызықтырды.

   Студенттердің сұрақтарына біздің қонағымыз жан-жақты, толымды жауап берді, ол өзінің жұбайы қазақ болғандықтан, Қазақстанға жиі келетіндігін атап өтті. Сондықтан да, біздің қазақстандық қоғамды жиі толғандыратын, Отбасылық тәрбиелеу институты айналысып отырған, отбасын нығайту және отбасылық құндылықтарды дамыту мәселелері оған жақын.