«Ата-аналар барлығын балаларға аудара салмауы керек. Балалар отансүйгіш, толерантты болуы керек, ата-аналарды, үлкендерді, кішілерді, әйел затын құрметтеп, достыққа адал болуы тиіс. Бұл біздің қоғамымыздың бұрыннан келе жатқан құндылықтары. Бұл құндылықтар біздің, қазақстандықтардың еншісінде. Біз осындай жетістіктерге тұрақтылықтың, достықтың арқасында қол жеткіздік. Сондықтан да біз бұл құндылықтарды балаларға беруге міндеттіміз». /Н.Назарбаев/

Отбасы күнінің құрметіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қызметкерлері шығармашылық конкурс өткізді, конкурсқа олар өз отбасыларымен бірге қатысты. Мысалы, ҚР ҚМ КБК оқу-әдістемелік орталығы атынан Сансызбай әулетінің «Бәйге» атты жұмысы ұсынылды – суретті қызы - Астана қ. №75 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы асқан ыждағаттылықпен салған. Суретте халық шығармашылығының қуаты, ұлттық мәдениет бейнеленген. Оқушының анасы ОӘО дистанциялық оқыту және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істейді. Ата-аналардың өз балаларына дамудың кез келген кезеңінде көңіл бөлуі оларға шығармашылық қабілеттерінің ашылуына және алдына қойған мақсаттарына нық сеніммен қол жеткізуіне мүмкіндік береді.