Жаз бен мектеп мерекелері артта қалды, ал біз, құрметті оқырмандар, керемет жаңалығымызбен бөліскіміз келеді – «Отбасылық тәрбие. Семейное воспитание» республикалық ғылыми-практикалық журналының жаңа, үшінші саны жарыққа шықты.

Журналдың бұл санынан Сіздер, әдеттегідей, көптеген қызықты дүниелер таба аласыздар: ата-аналар мен мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары, толық емес отбасындағы ана мен бала қарым-қатынасының стильдерімен танысасыздар және балалар неліктен әлеуметтік желілерде ата-аналарымен «достасқысы» келмейтіндігі жайлы біле аласыздар.   

Журналымыздың бұл санындағы құрметті қонағымыз Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Махаббат Бекбосынова болды. Өз сұхбатында ол қиын жағдайға тап болғандар үшін мемлекет қандай шаралар қолданып жатыр, сол туралы, және тағы басқа көптеген мәселелер жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

Журнал жайлы және оған жазылу жайлы барлық толық ақпаратты сіздер мына жерден оқи аласыздар.