20 қазан жақындап қалды, бұл Астанада әлемнің әр түпкірінен отбасылық тәрбие жөнінде 14 жоғары білікті психология профессорлары Астанаға келеді деген сөз.

Литва, Болгария, Польша, Латвия мен Ресейден келген мамандар  IV Республикалық мектепке дейінгі және мектеп педагог-психологтарының біліктілігін арттыру жобасының IV дүрмегі аясында Қазақстанға келеді. 

Педагогикалық білімдер деңгейін арттыру, бірегей авторлық әдістермен бөлісу, отандық тыңдаушыларды отбасылық психология жөніндегі тиімді әдістер мен тәжірибелерімен таныстыру – саны жыл сайын өсіп келе жатқан шетелдік мамандардың ортақ мақсаттары осындай. 

Анна Клим-Климашевская, Андрей және Наталья Цветковтар, Людмила Лебедева, Нели Бояджиева, Жамиля Намазбаева – Отбасылық Тәрбиелеу Институтының шақыруымен Астанаға келетін оқытушыларымыздың тізімі бұнымен шектелмейді.

IV жобаның IV дүрмегі үстіміздегі жылдың 20 қазанында басталып 3 қарашасына дейін жалғасады. Елордаға республикамыздың түпкір түпкірінен 308 тыңдаушы – мектеп және мектепке дейінгі ұйым психологтары кезекті рет жиналады, олар 15 күн бойы отбасылық педагогика пен психология саласында жаңа білімдермен сусындайтын болады. 

Республикалық мектепке дейінгі және мектеп педагог-психологтарының  біліктілігін арттыру жобасына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бастамашылық еткендігін естеріңізге саламыз. Жобаны орындаушы Отбасылық Тәрбиелеу Институты. Төрт жыл ішінде біздің тыңдаушыларымыз болған психологтардың саны 1500-нан асты, олар алған білімдерін бүкіл Қазақстан бойынша өз мектептері мен бала бақшаларында жемісті қолданып келеді.