2014 жылдың қырүйегінде Қостанай қаласының білім беру 
мекемелерінде 10-сынып оқушыларына арналған «Отбасы психологиясы» факультативі енгізілді. Бұл пәнді жүргізудің басымдығы Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлектері болып табылатын педагог-психологтарға берілді.

 

Осыған орай, қаланың Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры Саркисян Л.В. ай сайын әзірленген факультатив бағдарламасы бойынша мектеп психологтарына арналған қарқынды оқыту семинарларын өткізіп тұрады. 

«Отбасы психологиясы» пәнін зерделеуге интерактивті форматта оқу сабақтарын жүргізу, оқушылардың әлеуметтік өзара қарым-қатынастар дағдыларын дамытуға бағытталған, оларды рефлексияға – ғылыми әдебиетті оқу, көркем мәтіндерді, бейнеөнімдерді және жеке өзі өмірден көргендерін талдау негізінде махаббат, отбасы және балалар секілді әлеуметтік маңызды құндылықтарды ұғынуына қозғау салатын шығармашылық өздік тапсырмалар орындауы секілді жұмыстар жүргізіледі.