Бүгін, 20 қазанда 4 Республикалық мектепке дейінгі және мектеп педагог-психологтарының біліктілігін арттыру жобасының 1-дүрмегі басталды.
 

Республикамыздың 16 облысынан Астанаға 308 іс-шара қатысушысы келді. Институт қабырғасында өткен жарты ай ішінде тыңдаушылар халықаралық деңгейдегі профессорлардың авторлық әдістемелерімен, тиімді техникалармен және отбасылық тәрбие психологиясы саласындағы соңғы жаңалықтармен танысады. Сонымен қатар, тыңдаушылар профессорлардың шеберлік сабақтарына қатысады, практикалық сабақтарға қатысады, рефераттар, эсселер, аттестациялық жұмыстар жазады, оқу бағдарламасын орындағаннан кейін сертификаттар алады.  

Күн өткен сайын Жобаға мектеп әкімшілігінің өкілдері көптеп жинала бастағандығын атап өткен жөн. Мәселен, егер өткен жолы мұғалімдер мен психологтардан басқа тыңдаушылар арасында мектептің оқу ісі меңгерушілері болса, осы жолғы дүрмек құрамында психологтар, мұғалімдер, мектеп директорлары және бала бақшалардың меңгерушілері бар. 


Өткен жолғыдағыдай, Жобаға әлемнің түкпір-түкпірінен: Ресейден, Литвадан, Латвиядан, Болгариядан, Польшадан өтбасылық тәрбие жөніндегі үздік профессорлар жиналды. Олардың ішінде  Андрей және Наталья Цветковтар, Анна Клим-Климашевская, Екатерина Маралова, Людмила Лебедева, Нели Бояджиева, Светлана Кривцова,  Кристине Мартинсоне секілді белгілі мамандар және басқалары бар.
 

Республикалық мектепке дейінгі және мектеп педагог-психологтарының біліктілігін арттыру жобасының 4-дүрмегін ҚР Білім және ғылым министрлігінің (БҒМ) қолдауымен Отбасылық Тәрбиелеу Институты орындап отыр. Біліктілік арттыруға жіберілген педагогтар «Бақытты отбасы» оқу курсының бағдарламасы бойынша сабақтарға кіріседі, оның авторы педагог-психолог  Евдокимова С.Л. Бұл оқу курсының бағдарламасы 835 сағаттан тұрады, олардың 158-і – аудиториялық сағаттар.  

 Жобаның барлық қатысушыларына   жағымды  ниет пен жаңа білімдерге сәтті қадам тілейік!!!