20-21 қарашада Солтүстік-Қазақстан облысының Тимирязев ауданында Көкшетау қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры Юлия Сарсекеева «Бақытты отбасы» және «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогикалық коучинг. Қазіргі баланың дамуы» тақырыптарында оқыту семинарларын өткізді.

10-сағаттық іс-шараның нысаналы аудиториясы облыстың педагог-психологтары, әлеуметтік педагогтары және мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері болды. Оқыту семинарының бағдарламасына ресейлік профессорлар Л.Д. Лебедеваның, И.В. Вачковтың және О.В. Хухлаеваның авторлық әдістемелері енді. 

Берілген материалдан «Бақытты отбасы» тренингінің қатысушылары бәрінен бұрын «Гүл бейнесіндегі отбасы» әдістемесіне қызығушылық танытты. Олардың пікірінше, дәл осы әдіс қолдануға  түсінікті, әрі қарапайым – суреттегі гүл бейнелері, олардың орналасуы және өмір сүру ортасы шын мәнінде отбасындағы шынайы жағдайды көрсетеді және сурет авторына оларды ұғынуға көмектеседі. 


«Педагогикалық коучинг» семинарының қатысушыларына «Отбасы социограммасы» суретті жобалық әдістемесі ерекше ұнады – ол тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі субъектінің орнын анықтауға және отбасылық қарым-қатынастар сипатын айқындауға мүмкіндік береді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға Отбасылық Тәрбиелеу Институтының сертификаттары табысталды.