Бүгін Қазақстанның 297 мектебінде ауқымды іс-шара  -  «5-6-7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» атты республикалық конференция өтті. Іс-шара Республикамыздың 20 қаласында өткізілді. 
  

Астанада іс-шара 20 мектепте өтті, орталық мектеп №72 мектеп-лицейі болды. Демалыс күнге тұспа-тұс келгеніне және қолайсыз ауа райына қарамастан, ата-аналардың қатысу деңгейі ұйымдастырушыларды қуантты. Конференцияға 8 мыңдай елордалық ата-ана қатысты, олардың 250-і орталық мектепте болды. Олардың арасында оқушылардың аналары ғана емес, сонымен қатар әкелер, әжелер мен аталар да болды. №57,58 мектептер мен №72 мектеп-лицейі қатысқан ата-аналар саны жағынан ерекшеленді. 






Орталық мектепте жиналғандарға арнап қоғам қайраткерлері құттықтау сөз сөйледі, олар:  Парламент Мәжілісінің депутаты Оразгүл Асанғазы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балаларды қорғау комитетінің өкілі Клара Көптілеуова, «Нұр Отан» партиясының өкілі Жамаладин Ибрагимов және Отбасылық Тәрбиелеу Институтының директоры Любовь Набитовская. Конференцияны педагог-психолог, «Тұмар» практикалық психология орталығы директорының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының психолог-тренері, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлегі Анна Минакова жүргізді. 




Конференция аясында психологтар барлық қатысушыларға танымдық тақырыптық роликтер көрсетті, атлған роликтер ата-аналардың қызу эмоциялық пікірін туғызды. Әрбір бейнематериал пайдалы әрі маңызды ақпаратқа толы болды: әкенің, ананың рөлі туралы, қаржыны сауатты бөлу туралы және тағы басқа көптеген қызықты ақпараттар қамтылды. Ата-аналарға мұқият іріктелген кеңестерден және жасөспірімдерді тәрбиелеу ережелерінен тұратын слайдтар көрсетілді. Ата-аналар арасында сауалнама жүргізілді, сондай-ақ Институт жайлы арнайы ақпараттық блок көрсетілді.   

Іс-шара барысында ата-аналардың эмоциялық жай-күйінің қалай өзгергені анық байқалды: жүздерінен алаңдаушылық, абыржулы көңіл-күй мен ынталылық, ыждағаттылық, жете түсінушілік көрінді. Конференция басында көптеген ата-аналар өз балаларын қалай тәрбиелеу қажет екендігін білеміз деп санайтындықтарын айтты, алайда іс-шарадан кейін айтылғандардың жартысынан хабарсыз екендіктерін мойындады.  

«Менің ұлым биылғы жылы 7-сыныпта оқиды. Шынымды айтсам, мен кез келген ана секілді балам  жаман ортаға түсіп қала ма деп қорқамын, оның жасы осыған бейім. Жасыратыны жоқ, соңғы уақыттарда қарым-қатынасымыз бұзыла бастады – ұлым менен алыстап, тұйық болып кетті, барлығына агрессиямен, ашумен жауап қатады. Бірақ осы жиналысқа қатысқаннан кейін, мен енді не істеу керектігін білемін және психологтың барлық кеңестерін міндетті түрде өмірде қолданамын. Бұл кеңестер  ұлыммен қарым-қатынасты дұрыстауға көмектесентіндігіне сенімдімін», - деп Конференциядан кейін өз пікірімен бөлісті қатысқан аналардың бірі.   


Іс-шара қорытындысы бойынша әрбір қатысушы сыйлыққа ата-аналарға арналған кеңестер жазылған жадынамалар алды, ал №72 мектеп-лицейінің ата-аналары оған қоса сыйлыққа «Отбасылық Тәрбие. Семейное воспитание» журналын алды. Ата-аналар Отбасылық Институтына қызығушылық білдірді, бұл ұйым туралы ақпараттар алды, сондай-ақ ұйым  шығаратын баспа өнімдеріне қызығушылық танытты. Олардың көпшілігі ұйымдастырушылардан журналға жазылуды қалай ресімдеуге болатындығын сұрап білді.

Журналға жазылуды «Қазпочта» бөлімшелерінде 74751 жазылу индексі арқылы ресімдеуге болады.