«5-6-7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» атты жалпыреспубликалық конференция өткізілгеннен кейін Отбасылық Тәрбиелеу Институтына Семей қаласының Білім бөлімінен хат келіп түсті.

Хатта аталмыш мекеме Институтқа осынау ауқымды әрі дер кезінде ұйымдастырылған іс-шара үшін алғыс білдіреді. Білім бөлімі осы Конференцияны Семей қаласының 10 мектебінде өткізген Отбасылық Тәрбиелеу Институтының барлық түлектеріне алғыс білдіреді, олар: Курмашева В.И., Байбасарова А.А., Арпабаева Г.С., Азубаева К.А., Сайлаубаева Р.Ж., Балтабаева Ж.И., Турымбекова Ш.А., Дюсембекова Г., Садвакасова Д.Г., Боровикова К.В., сондай-ақ Шығыс-Қазақстан облысы Семей қаласы бойынша жетекшілік еткен Институт өкілі Г.Ж. Асилхановаға айтар алғысы зор.