12 желтоқсанда Оңтүстік-Қазақстан облысының   Сызған кентінде Отбасылық Тәрбиелеу Орталығының түлектері  Сауле Браташ, Ержан Исаев және Мәншүк Сыздыкбаева «Мектеп оқушыларының өміріндегі қиын жағдайлардың алдын алу мақсатында отбасылар мен мектептерге психологиялық көмек көрсету» тақырыбында мастер-класс өткізді.
  

Іс-шараның мақсаты -  мектеп психологтарына оқушыларды шығармашылық танытуға баулу және өзіне және өз күшіне деген сенімін арттыруға үйрету.   

«Семинардың ашылуында Отбасылық Тәрбиелеу Институты туралы таныстырылып мен бейнефильмдер көрсетілді. Содан кейін, дәстүр бойынша психологтар гимнін бірге орындады. Мастер-класс қатысушыларына Институттың бас директоры С.Л. Евдокимова туралы білу қызық болды. Сондықтан біз ол кісі туралы айтып қана қоймай, оның ата-аналарға арналған үндеуін көрсеттік», - деді Е.Исаев.  

Түлектер мастер-класты үш бөлікке бөліп өткізді, олардың әрқайсысын жекелен психолог жүргізді. Мәселен, С.Бараташ қатысушыларды профессор Н. Цветкованың «Таңдау бойынша фотосуреттің көмегімен өзіңді және серіктесіңді қалай жақсы тануға болады»  әдістемесі бойынша фототерапямен таныстыруды негізге алды.   

«Дәл осы фототерапия әдісінде шығармашылық әрекеттің көптеген формалары жинақталған, оларды ата-аналарға, оқушылар мен мұғалімдерге көп қырлы сауықтыру, үйлесімділік орнату және дамыту тұрғысынан ықпал етуді қамтамасыз ете отырып,  сабақ барысында түрлі нұсқалар мен үйлесімдерде пайдалануға болады», - дейді психолог.

Е. Исаев пен М.Сыздыкбаева «Гүл бейнесіндегі менің отбасым» суретін пайдалана отырып, арт-терапия қолдану арқылы тренингтер жүргізді, бұл әдістеменің авторы ресейлік профессор Л.Лебедева.

«Балалар үшін бұл шығармашылық пен ойынға негізделген психологиялық көмектің ең қарапайым әрі тиімді тәсілі. Әлі кішкентай болса да балалар отбасында, бала бақшада, мектепте әңгімелесу барысында және жалғыздықта ауыр қиыншылықтарға тап болады. Ересектер оларға көмектескісі келеді, бірақ көп жағдайда қалай көмектесу керектігін біле бермейді:  көзін жеткізу және ақыл айту көмектеспейді, ал баланың өзі проблеманы  байыппен түсіндіре алмайды. Арт-терапия осындай жағдайларда көмекке келетін таптырмайтын құрал», - деп түсіндіреді Е.Исаев.

Іс-шараның қорытындысы бойынша оның әрбір қатысушысы тыңдаушылармен өз пікірімен және болашаққа құрған жоспарларымен бөлісті. Бүгінгі мастер-класс мектеп психологтарына жаңа әдістемелер үйретті және өмірдің кейбір оқиғаларына өз көзқарасын қайта қарауға көмектесті деп пікір білдірушілер көп болды. Ең бастысы, бұл кездесуден барлығы жағымды әсер мен эмоционалдық жеңілдену сезімін алды.