8(7172) 25-65-09, 8(7172) 25-64-09 | г.Нұр-Сұлтан, ул.Халел Досмухамедулы 90


«
Махаббат бұл – тіпті шаршап тұрсаң да, сені қуантатын  нәрсе», - Кристина, (4 жаста). 


Екі-үш баласы бар ата-ана өз өмірінде ең болмағанда бір рет болсын, «бір әке-шешеден туып, бірдей жағдайда өмір сүрген балалар неліктен әр түрлі болады?» деген сұрақты өзіне қояры сөзсіз. Бірақ бұл кезде туу тәртібі туралы ешкім ойланып жатпайды.


Әйел отбасында орасан зор рөл атқарады. Ол – отанасы, ана, әйел және ошақ иесі. Бағзы замандардан-ақ әйел даналығы берік әрі тату отбасының негізі саналған.


Мен 20 жаста едім. Ақылды, көрікті, жақсы тәрбиеленген және жақсы отбасынан шыққан бір тамаша жігітті сүйдім.

Отбасында әке өзіне жауапкершілік жүгін артып, өз шаңырағының асыраушысы мен қорғаушысы болып табылады. Отағасы, отбасының тірегі – бағзы замандардан-ақ әке рөлін бала осылайша қабылдайды. 

Бірақ қазіргі заманғы кезде әкенің осындай бейнесінің маңызы әлсіреп, соған сәйкес проблемалар да пайда болды: бұрын отбасының  басшысы болған әке енді тек банкоматқа айналғандай, балалары тарапынан, оған деген тұтынушылық қатынас ғана қалған сияқты.

Қазіргі заманғы әйел бақытты өз қолымен құру керек екенін, барлығы бірден бола қоймайтындығын түсінуі керек. Әкесінің өте маңызды және жауапты жұмыста істейтіндігі, ол отбасын асырау үшін қолынан келгеннің барлығын жасап жатқаны туралы әңгіме біртіндеп баланың бойында әкеге деген сый-құрмет сезімін тудырады.

 «Әкемнің ешуақытта қолы тимейді», «аз ақша табатын әке» деген әке туралы ақпараттың көбін бала анасынан естиді. Егер ол күйеуін ұдайы жазғырып, балаларының көзінше жанжал шығарып, жұбайына құрмет көрсетпейтін болса, онда бала үшін ана бірінші адам болғандықтан, оған еліктейтін баладан әкеге қатысты қандай әрекет күтуге болады?!

Біздің үйімізде әкеміз ылғи отағасы болатын, оны барлығы құрметтеп, қорқатын және оған ешкім ешуақытта қарсы келмейтін. Бұл тұрғыда анамның рөлі зор болды. Ол әрдайым әкенің беделін құрметтеп: «әкең біледі», «әкеңнен сұр», «әкең қалай айтса, солай болады» деген сөздерді айтып отыратын, ал бұл сөздер әкенің орнын білдіріп тұратын. Өзімнің балалық шағымда ата-анамның қатты ұрсып, бір-біріне дауыс көтергендерін естімеппін.

Менің санама сақталып қалған бір оқиға, мен үшін өмірлік сабақ болды. 
Шілде айының күндерінің бірі болатын, мен көшеде ойнап жүріп, анамның қораға тон киіп бара жатқанын көрдім. Қатты таңғалдым. Менің сұрағыма ол ақырын ғана жылдам үйге бар, әкең ренжіп жатыр деді. Мен оның сөзіне құлақ асып, үйдің жанына ойнауға келдім.

Біраз уақыт өткен соң сол қораға қарай қолына қамшы ұстаған әкемнің кетіп бара жатқанын көрдім. 10 минуттан соң ол үйге қайтып, одан соң анам да шықты: өзін екі қолымен құшақтап, тонға орнып алыпты, шашы дудырап кеткен, ал көздерінде жас тұрды. Мен не болғанын түсінбедім.

Көп уақыт өтті, бірақ мен анамның барлық даналығы мен құрбандық қайтарымын жаңа ғана ұқтым, сол оқиға кезінде қорада әкем бар ашуын анамнан алыпты. Ал тон болса, соққыны жеңілдету үшін қызмет еткен. Ал анам болса, біз олардың жанжалдасқанын көрмеу үшін қораға өзі барған екен.

Көп жылдар өтсе де, осы оқиға менің санамда жатталып қалыпты. Физикалық және моральдық ауруға қарамастан, анам біздің жанымызда әкемнің тек жақсы бейнесін қалыптастырды және осылайша біздің отбасымызды сақтап қалды.  Күні бүгінге дейін мен анамды мақтан етіп, оның әйелдік даналығына таңғаламын.



Авторы: Ирина Михайлова 
Материал Отбасылық Тәрбиелеу Институты түлектерінің деректері бойынша әзірленді.


«
Ақылды жасқа бер: сонда ол қартайғанда да ол жолдан таймайды»,- менің бүгін айтқым келіп отырған әңгімемді осы дәйексөз жақсы сипаттайды.

жоғары