Отбасылық Тәрбиелеу Институты ҚР аумағында өз шекараларын кеңейтуді жемісті жалғастырып келеді – 1 тамыздан бастап Қостанай қаласында жаңа Отбасылық Тәрбиелеу Орталығы өз жұмысын бастады.

Оның басшысы болып психология ғылымдарының кандидаты, БАК доценті, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры, ҚР Педагогикалық ғылымдар академиясының құрметті мүшесі Саркисян Шушаник Вагановна тағайындалды.

Институт өкілдігі педагогтармен жасөспірімдермен және ата-аналар жұртшылығымен ағарту-кеңестік жұмыстарын ұйымдастырады. Бұдан басқа Орталық баланы жеке тұлға ретінде дамытуға және отбасылық құндылықтарды қоғамның артықшылықтары ретінде жаңғыртуға бағытталған мамандандырылған тақырыптық тренингтер өткізуді бастап та кетті.