Сіз Қазақстан Республикасының ең үздік отбасылық психологтарымен танысқыңыз келе ме? Сізге отбасылық психология саласындағы жетекші сарапшылардан эксклюзивті пікірлер мен сұхбаттар ала отырып, эксклюзивті материалдар, мақалалар, телесюжеттер дайындау қажет пе?

Сізге Қазақстан Республикасының қандай БАҚ өкілдері Республикалық конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанғандығы қызықты ма? Сіз жеке өзіңіз үшін отбасылық тәрбие жөнінде тегін кеңес алғыңыз келе ме?

Отбасылық Тәрбиелеу Институты «Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологиялық көмек» атты Бірыңғай ата-аналар Конференциясының қорытындысын шығаруға арналған салтанатты шараға шақырады. Бұрын хабарлағанымыздай, Конференция 2014 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының 270 мектебінде өтті.

Конференция Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы  әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының, БҰҰДБ, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясының» қолдауымен өткізілді.

Отбасылық Тәрбиелеу Институты бүкіл Қазақстан бойынша балалары биылғы жылы алғаш мектеп табалдырығын аттаған 150000 әкелер мен аналардың басын қосқан алғашқы Институт болды. Конференцияны өткізуге орай БАҚ арасында Республикалық конкурс ұйымдастырылды,  Отбасылық Тәрбиелеу Институтының бас директоры Софья Евдокимова бастаған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады, оларды сыйлықтар күтіп тұр.

Сондай-ақ Конкурс ұйымдастырушысы конкурстың әрбір жеңімпазы мен жүлдегерінің қатынау жол ақысы және Астанада тұру ақысы бойынша қосымша шығындарды өз қаражатынан көтеріп отыр. Салтанатты рәсімге сонымен қатар Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының басшылығы қатысады.

Марапаттау рәсімі Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 7, «RIXOS PRESIDENT ASTANA» мейманханасы, «Әл-Фараби» мейрамханасында сағат 11.00-де өтеді.

Құрметті редакциялар, сіздерді салтанатты рәсімімізге шақырамыз. БҮГІН, 25 қыркүйекте сағат 18.00-ге дейін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. мекенжайында тіркелулеріңізді сұраймыз. Орындар саны шектеулі.

Қош келдіңіздер!

             

Отбасылық Тәрбиелеу Институтының

баспасөз қызметі

            www.ife.kz