2014 жылдың 3 қарашасында биылғы жылғы соңғы IV
Республикалық мектеп және мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру мекемелері психологтарының біліктілігін арттыру жобасының IV дүрмегінің салтанатты аяқталуы өтті.  

Қазақстанның 16 облысынан тағы 308 педагог Отбасылық Тәрбиелеу Институтында өзінің кәсіби біліктілігінің деңгейін арттырды.


 
«Бақытты отбасы» отбасылық тәрбие жөніндегі бағдарламаны орындау бойынша 168 сағат аудиториялық болды. 15 күн бойы тыңдаушылар профессор, педагог-психолог С.Л. Евдокимованың авторлығымен жасалған оқу курсының бағдарламасы бойынша жаңа білім алды, бағдарламаға шетелдік әйгілі профессорлардың шеберлік сабақтары мен лекцилары, практикалық тапсырмалар орындау, рефераттар, эсселер және аттестациялық жұмыстар орындау кірді.  


Салтанатты бөлімде өздерін Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлектеріміз деп мақтанышпен айтуға мүмкіндік алған психологтар кері байланыс танытып,  жоба ұйымдастырушыларына арнап шығармашылық өнерлерін көрсетті. Олар өнерлері арқылы ҚР Білім және ғылым министрлігіне және Отбасылық Тәрбиелеу Институтына уақытылы әрі сапалы өткізілген мектеп және мектепке дейінгі мекеме психологтарын дайындауды ұйымдастырғандары үшін алғыс білдірді.




Курс қорытындысы бойынша оның әрбір қатысушысы сертификат иегері болды, ал ең белсенді тыңдаушылар, сонымен қатар, Отбасылық Тәрбиелеу Институтынан сыйлыққа кітаптар мен алғыс хаттар алды.

Осы Республикалық жобаны өткізген төрт дүрмекте 2014 жылы Отбасылық Тәрбиелеу Институтында 1232 мектеп және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының психологтары біліктіліктерін арттырды. Ал Институт қызмет етіп келе жатқан 4 жыл ішінде 1722 педагог біліктіліктерін арттырды.