Әскери қызметкерлердің жұмысы ең стресті мамандық болып саналады. Әрбір адамда жұмыстан басқа, ауыр жұмыс күнінен кейін демалатын, әңгімелесетін, өмірлік маңызды мәселелерді талқылайтын  жылы мекен бар. Бұл әрине – отбасы. 

Отбасында әрбір адам үйлесімділікті, идиллия мен татулықты сезінуі керек. Қазіргі уақытта жұбайлар тарапынан отбасылық құндылықтарды сақтауға онша көп көңіл бөлмейді, себебі олардың әрқайсысы отбасыларында бәрі жақсы деп ойлайды. Кейде олар тіпті отбасылық дағдарыс кезеңінде тұрғандығын байқамайды да. Сондықтан отбасы мәртебесін нығайту және отбасылық қарым-қатынастардың деңгейі мен сапасын айқындау үшін «Ақмола өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағы» ММ қызметкерлерінің арасында «Отбасылық өмірдегі дағдарыстар. Отбасылық құндылықтар» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Онда не ажырасуға, не отбасылық қатынастарды нығайтуға әкелетін жайттар талқыланды. Әскери қызметкерлер үшін бұл тақырып ерекше қызықты болды.

Іс-шараның басында Отбасылық Тәрбиелеу Институтының маманы, психолог Аягуль Тусипова тыңдаушыларға некеге қанағаттанушылық деңгейін анықтауға тестілеу жүргізді. Тестілеудің нәтижесі топтың жартысынан көбінің некелік өміріне қанағаттанатындығын көрсетті. Одан әрі тренер отбасылық қарым-қатынастың рөлі туралы айтты. Топтағы тыңдаушылардың көпшілігі жаңадан отау құрғандар болып шықты, оларды отбасылық өмірдің ұзақ жолы күтіп тұр. 


Арнайы әдістемелердің көмегімен әскери қызметкерлердің отбасыларында ынтымақтастық, ортақ демалысқа, әңгіме-дүкен құруға уақыт жетіспейтіндігі белгілі болды. Семинар барысында жас жұбайлар арасындағы қарым-қатынастың дамуына олардың ата-аналарының отбасы үлкен әсер ететіндігі анықталды, бұны қатысушылардың өздері де мойындады.

Қызметкерлер еркін отырып өздерінің отбасылық проблемаларын талқылады, отбасылық өмірден тәжірибелері мол отбасылар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Олардың арасында әлі отбасын құрмаған қызметкерлер де болды, олар өздері үшін отбасын құру жөнінде пайдалы ақпарат алғандықтан және өз әсерлерімен бөліскендіктен, бұндай семинарға қатысу мүмкіндігін алғандарына ризашылық білдірді. Психологтың көмегімен барлық психологтар отбасылық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған аффирмациялар жазып алды.

Сонымен қатар қатысушылар үшін ата-ана баласымен тіл табыса алмайтын кезең -  баланың жасөспірімдік шағы жөніндегі тақырып қызықты болды. Қатысқан әкелер үшін бұл тақырып өте өзекті болып шықты. Семинар барысында олар баланың эмоциясы мен   агрессиясын қалай жағымды шешуге болатындығы туралы, отбасылық жанжалдарда өзіңді қалай дұрыс ұстау қажет екендігі туралы және т.с.с түрлі сұрақтар қойды. 

Тренинг қорытындысы бойынша әскери қызметкерлер Институт маманынан тәрбие процесінің өзекті мәселелері туралы, отбасында қалыптасатын қарым-қатынастар туралы, сондай-ақ әріптестерінің көзінше айта алмаған мәселелер жөнінде кеңестер алды.   

Кеңес бергеннен кейін психологты қынжылтқаны жас отбасыларда жұбайлардың кішірейе білмеуі, проблеманы бірлесіп шешпейтіндігі, бір-бірлеріне көмек пен қолдау көрсетпейтіндігі болды. Оған отбасылық психология мен отбасылық тәрбие саласындағы білімнің жетіспеушілігі бақытсыз қатынастарға себепші болатындығы белгілі болды. Бұл жайт тренинг қатысушыларына да түсінікті болды. Сондықтан тренинг қатысушылары Отбасылық Тәрбиелеу Институтынан бұндай пайдалы сабақтарды үзбей өткізіп тұруын және алдағы семинарларда балалардың жас ерекшелігі психологиясына, жасөспірімдік кезеңге ерекше көңіл бөлуін өтінді, себебі олар бұл тақырыпты көптеген ата-аналар үшін қызықты және өте өзекті деп ойлайды.



Автор: Аягуль Тусипова