Отбасы - бұл адам өмірінде бірінші орын алатын ошақ. Әрбіріміз отбасымызға көбірек уақыт бөлгіміз келеді, бірақ, өкінішке орай, бұл әрдайым орындала бермейді – қазіргі уақытта адамның көп уақыты жұмыста кетеді. Ал жұмыстан кейін, әбден шаршаған адамдар балаларына, әйеліне немесе күйуіне қажетті сезімдерді бере алмайды. Бұл отбасында дағдарыстық сәттердің тууына себепші болатын жағымсыз өмірлік жағдайлардың іргетасы болып табылады. Жұбайлар екінші жарларымен қарым-қатынаста туындайтын өз проблемаларын әруақытта өздері шешуге мүмкіндіктері бола бермейді. Психологтың міндеті – осындай отбасыларға ойланбай қабылданған асығыс шешім шығаруға дейін жеткізбей дағдарысты сәттерді шешуге көмектесу және дағдарыстардың алдын алу. Бұндай қарыс-қатынастың салдарынан бүкіл отбасы үлкен зардап шегуі мүмкін. Әскери адамдар – бұл белгілі бір ережелерге бағынатын, қатаң тәртіпте өмір сүруге үйренген адамдардың ерекше санаты. Бұл жайт оларға отбасын құруға, сүюге, туыстары мен жақындары үшін алаңдауға және қарым-қатынастар орнатуға кедергі келтірмейді. Сондықтан барлық спецификаны ескере келе, 12 қарашада «Ақмола өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағы» мемлекеттік мекемесінде «Отбасылық өмірдегі дағдарыстар. Отбасылық құндылықтар» тақырыбында семинар өтті. Іс-шарада ажырасу себептері, жанжалды жағдайды зиянсыз жеңу мүмкіндігі және отбасылық қарым-қатынастарды жақсарту әдістері қаралды. Отбасылық Тәрбиелеу Институтының маманы, психолог Аида Жаркимбаева қатысушыларды түрлі әдістермен, практикалармен және жаттығулармен таныстырды. Тапсырмалардың бірінде тыңдаушыларға «Отбасы дгеніміз не?» деген сұраққа жауап беру қажет болды. Топтың ішінде ерлер де, әйелдер де болғандықтан, қызу талқылаудың куәсі болу өте қызық болды, бұл ерлер пікірінің әйелдердікінен өзгеше болатындығын тағы бір рет дәлелдеді. «Баланс дөңгелегі» және «Гүл түріндегі менің отбасым» әдістері (арт-терапия) тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бірақ айта кету керек, отбасылық басым құндылықтарды айтып беру және өз отбасының суретін салу секілді тапсырмалар берілген кезде көптеген қатысушылар аздап абдырап қалды. Орындау барысында көптеген сұрақтар қойылды – әрбір қатысушының әдістерді орындау барысында анықталған өзіндік шешілмеген проблемалары болды. Қатысушыларға семинарда көрсетілген «Айқайлайтын ата-аналар» және «Ваза» бейнероликтері қатты ұнады. Олар баланың ата-анасының айнасы екендігін айтты. Балалар барлығын – жақсыны да, жаманды да тез сіңіріп алатын губка секілді. Сондықтан ересектерге ең алдымен өз мінез-құлқына ерекше көңіл аудару қажет. Тренингтен кейін психолог тренингтің әрбір қатысушысына Институт арнайы әзірлеген «Өмірдің алтын ережелері» және «Ата-аналарға арналған 10 уағыз» атты жадынамалар таратты. Семинар қорытындысы бойынша психологқа көп сұрақтар қойылды, әріптестерінің алдында, бар сырын айтып сөйлеу кез келгеннің қолынан келе бермейді, сондықтан олар психологқа жеке-жеке келіп сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, қатысушылар Отбасылық Тәрбиелеу Институтынан әскери мекемеге тағы бір рет келіп отбасылық тәрбие жөнінде тренинг өткізуін өтінді. Әсіресе үйленбеген жастардың пікірлерін тыңдау ұнады. Олар осы сабақтан кейін қарым-қатынасқа ерекше ыждағаттылықпен қарайтындықтарын, отбасылы болғаннан кейін жұбайының ішкі әлеміне көбірек көңіл бөлетіндіктерін айтты, себебі бұл жайттар қаласаң өмір бойы сезімнің суымауына көп көмегін тигізеді. Өз тарапымнан, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлегі ретінде, мүмкіндігімше алынған білімімді адамдарға көмектесу үшін тәжірибеде қолдануға қуаныштымын дегім келеді!