6 желтоқсанда Қазақстанның 297 мектебінде «5-6-7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек» тақырыбында Республикалық Конференция өтті.

Іс-шара 4 күн бұрын болған еді, ал бізге әлі күнге дейін ата-аналардың жылы лебіздері жазылған хаттар толастамай келіп жатыр. Алғыс сөздер, жеке тұжырымдар, түрлі ұсыныстар, ойлар – бұның барлығы жиналыс қатысушыларының бізге жазатын пікірлерінің бір бөлігі ғана. Әсіресе бір хаттан алған әсеріміз тамаша болды, сондықтан, құрметті оқырмандар, бұл хатппен Сіздермен бөліскенді жөн көрдік.    
 
«Материалдық байлық қуу және өзіміздің жеке амбицияларымызды жүзеге асыру процесінде, әдетте бала тәрбиесі мәселесі екінші орынға қалады. Біз өзімізді жақсы ата-анамыз деп санаймыз: баланың көйлегі көк, тамағы тоқ, мектепте жақсы оқиды, және соңғы үлгідегі техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Бірақ, шын мәнінде, өскелең ұрпақ үшін бұның барлығы аздық етеді. Дәл осы тұста сырттан келетін көмек, дәлірек айтқанда, меткеп психологының көмегі қажет, ол жағдайды талдауға және оған объективті көзқараспен қарауға көмектеседі.   

Ашығын айтқанда, мен бұл конференцияға «жақсы әрі дұрыс» ата-ана екендігіме сенімім зор болып, жай көріну үшін келе салғанмын. Бірақ, сол бір сенбілік таңда жиналысқа бос уақытымның екі сағатын бөлгендігіме титтей де болса өкінген жоқпын.     

Білесіздер ме, кейде аянбай жүгіресің және екінші тынысыңның ашылуын күтесің, ал ол болар емес: қайда жүгіріп барасың? не үшін? Жай ғана бар күшіңмен инерция бойынша жүгіре бересің. Ойлап қарасақ, жай ғана аялдап, өз-өзіңе келіп, өткен жолыңа көз салу қажет екен. Бұл Конферция мен үшін осындай аялдама іспеттес болды. 

Жүргізушілердің сенімділік пен үйлесімділік ұялататын байсалды, жағымды дауыстары, жарқын, көркем, терең мағыналы роликтер, жанға жылу сыйлайтын әуен – бұның барлығы маған күнделікті күйбең тіршіліктен сілкініс жасап, өзімнің жасөспірім қызыммен арадағы қарым-қатынастарға тереңірек үңілуге көмектесті.     

Отбасылық Тәрбиелеу Институтының психологын тыңдай отырып, мен әруақытта өзімді мазалап жүрген, бірақ жауабын таппаған сұрақтарыма дәл жауаптар алғандығыма қайран қалдым. Кейде маған интернет, кейде өмірлік кеңестер, біреудің тәжірибесі көмекке келетін, бірақ бұның бәрі бұлдыр, көмескі жауаптар болатын. Ал бұл жерде бәрі айқын әрі түсінікті, жасөспірімдік шақта баланы тәрбиелеу мен қолдау жөніндегі мәселелердің айқын тұжырымдамасы тайға таңба басқандай етіп берілген.   

Бұл Конференция маған «Не істелді? Қалай істелді? Әрі қарай не істеу керек?» деген сұрақтарға бағдар берді, сондай-ақ ата-ана ретінде өзімнің мінез-құлқымды одан әрі түзетуге көмек болды.    

Іс-шарадан кейін мен үшін көптеген қорытынды, және бастысы, ойланатын ақпарат пайда болды. Бірақ, лайықты ата-ана болудың бүтін бір ғылым әрі оңай шаруа еместігі ең басты қорытынды болды. Және Институттың арқасында мен бұл бағытта өзімді жетілдіретін боламын».

7 сынып оқушысының анасы, Капшағай қ.
Альмира Немцова