«15 мамыр Халықаралық отбасы» мерекесі қарсаңында Білім және ғылым министрлігінің, «Нұр Отан» партиясының, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының ұйымдастыруымен «Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету»  тақырыбындағы ата-аналар конференциясы өткізілді. Бұл іс-шара Қазақстанның  14 облысында бір уақытта өткізілген болатын.

Осындай ата-аналар конференциясы Қызылорда қаласының 12 мектебінде, оның ішінде №2 «Мұрагер» мектебінде өткізілді.

Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға кез келген жағдайлардағы қиындықтарды сауатты жеңе білуге көмек бере алатын, қажетті білімдер мен шеберліктер беру.  Өзінің және баласының эмоционалдық жай-күйлерін реттеу, балалардың ҰБТ уақытында және одан кейін үрейленбей, сабырлылығын сақтауға көмек көрсете білуі үшін ата-аналарға психологиялық құралдар ұсынылды.

Ата-аналарды мазалайтын сұрақтарға ата- аналар конференциясы көмектесті деген сенімдемін. Конференция ата-аналардың қызығушылығын туғызып, алдағы уақытта да осындай кездесу, пікір алмасу болып тұруына сұраныстар туғызды. Және де конференцияны жүргізген Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлегі, педагог-психологқа, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты.

«Жасөспірімнің ҰБТ тапсыруға дайындығы кезінде ата-аналарға психологиялық көмек көрсету» тақырыбында республикалық семинар-жиналыс табысты өтті деп ойлаймын. ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясы, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының Бас директоры, профессор Софья Львовна Евдокимова және сарапшыларының  барлық материалдарды дайындап, бізге Республикалық дәрежеде семинар-жиналысын ұйымдастыру, өткізуге зор көмегін тигізгенін атап айту керек. Сіздердің республикалық семинарды ұйымдастырып, оны табысты өткізуге ат салысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін.

Ізгі ниетпен:

Қызылорда қаласы,

№9 Дарынды балаларға арналған облыстық

қазақ-түрік лицей-интернаты

педагог- психологы Р.С.Бисембина