8(7172) 25-65-09, 8(7172) 25-64-09 | г.Нұр-Сұлтан, ул.Халел Досмухамедулы 90

2013 жылы 15 қаңтарда Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде ҮЕҰ және қалалық депарамент арасында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумдар қабылдау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің мәжілісі өтті.

 

Өткізілетін орыны: Астана қаласы Алматы ауданының АХАЖ.

Өткізілетін күні және уақыты: 2012 жылдың 25 желтоқсаны, сағат 16:00-де.

Жетекші: Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, отбасылық институтының бас маманы – Е.А. Фуст.

Қатысушылар: Астана қаласының аудандық АХАЖ өтініш берген жас жұптар.

Отбасылық тәрбиелеу институты өтіп бара жатқан 2012 жылы  педагогикалық білімдер университетінде Астана қаласындағы ата-аналар жұртшылығымен жоспарлы тренинг-ашық сабақтарды аяқтады.

Жаңа жылда біз қарқынды дамып келе жатқан астанамыздың ата-аналарымен отбасылық тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша қызықты танымдық кездесулер дайындап жатырмыз.

2012 жылы 28  қарашада Астана қаласы Сарыарқа ауданының АХАЖ-да «Біргеміз» Жас жұбайлар мектебінің» ашылуы өтті. Бұл іс-шараны Отбасылық тәрбиелеу институты, Астана қаласының қалалық және аудандық АХАЖ-ы ұйымдастырды.

Тренингке қатысушылар қаланың Сарырқа ауданында некеге отыруға ниет білдірген жас қыздары мен жігіттері болды. «Біргеміз» Жас жұбайлар мектебінің»  ашылуына Астана қаласының АХАЖ басшылары  мен КТК телеканалының журналистері қатысты.

С.Мәуленов атындағы №37 орта мектебі (директоры – Б.А.Ахмет) 2012 жылдың 23 қарашасында «Ашық есік күндері-2012» мерекесінде қонақтарды қонақжайлылықпен қарсы алды. Қонақтардың арасында Астана қаласы мектептерінің директорлары, Отбасылық тәрбиелеу институтының және Пайдалы азық-түлік институтының, наркологиялық орталықтың өкілдері, оқушылар және ата-аналар болды. 

2012 жылы 21 қарашада «Айналайын» балалар бақшасында Отбасылық тәрбиелеу институтының қызметкерлері Дүниежүзілік балалар күнін мерекелеу аясында, ата-аналарға арналған: «Қазақ отбасы: дәстүрлер және қазіргі заман» атты тақырыпта ашық тренинг-сабақ өткізді.  

жоғары