№18 мектептің 11 сынып оқушыларымен «ҰБТ» дайындық кезінде оқушыларды психологиялық қостау» тақырыбында өткізілген тренинг.

 Тренингтің мақсаты:

  • Оқушыларға стрестің салдары туралы айту;
  • Психологиялық көмектің ертегі терапиясы әдісін пайдалана отырып, оқушыларды уайым мен стрестік жағдайларды жеңуге үйрету;
  • Рефлексия және метофорикалық ойлау дағдыларын дамыту;
  • Босаңси білуге және шиелінсуді болдырмауға жаттықтыру;
  • Оқушылардың креативтіктерін дамыту;
  • Психологиялық ұсыныстар беру.

Тренингтің барысы: (1 сағат 30 минут)
Тренингтің 1 бөлігі:
Оқушыларға арналған шағын дәріс: Стресс дегеніміз не? Оны қалай жеңуге болады? Ұсыныстар.
«Стресс», ағылшын тілінен аударғанда шиеленісу, қысылу, қысым, жабырқау дегенді білдіреді.
Стресс  бұл — қиын және бағынышсыз ретінде сипатталатын, белгілі бір жағдайларда пайда болатын, эмоционалдық және физикалық шиеленістік жағдай.
Стресс бұл – ғылыми тілмен айтқанда, адамды қорқытатын, ашуландыратын немесе оған қауіп төндіретін нәрсеге, адам денесінің физикалық, психологиялық, эмоционалдық және химиялық әсері.  
Біздің көпшілігіміз стрестің біздің ағзамызға, жанымызға қаншалықты зиян келтіретінін, нақтырақ айтқанда, жағымсыз сезімдерді жою үшін біздің ешқандай әрекет жасамайтынымызды біледі және түсінеді.
Стрестің белгілерін  біздің барлығымыз өз бойымыздан таба аламыз: зейіннің шоғырлануының бұзылуы, агрессиялық, себепсіз үрейлену, ұйқының қашуы, депрессия.
   Оқушылардың ҰБТ дайындалуларының тиімді әдістері туралы ұсыныстар.
Дағдарыс жағдайында қиналмау үшін, өзінің алдына тым биік мақсат қоймау керек. Жағдайдың тым күрделі болып кетуін күтпеу керек. Емтиханға алдын ала, бөліп-бөліп, байсалдылықты сақтай отырып, дайындалған жөн.                                                                                                                               
 Егерде күш-жігеріңді мен ойыңды жинақтау аса қиын болатын болса, алдымен материалдың ең жеңіл жағын есте сақтауға тырыс, содан кейін ғана қиын бөлігін оқуға кіріс. Күн сайын ішкі шиеліністі, шаршауды болдырмауға, босаңсуға қол жеткізуге жағдайлар жасайтын жаттығулар жаса.  
Егерде көздерің шаршаған болса, не істеу керек?
Емтиханға дайындық кезеңінде көздерге түсетін күш артады. Егерде көздерің шаршаған болса, бұл яғни, ағзаңның да шаршағанының белгісі: көздеріңнің емтихандық тапсырмаларды орындауға күшінің жетпей қалуы мүмкін. Көздерің демалатындай, жағдай жаса. Төмендегі кез келген екі жаттығуды орында:
• алма-кезек жоғары-төмен (25 секунд), солға-оңға (15 секунд) қара;
• көзіңмен өзіңнің атыңды, әкеңнің атын, фамилияңды жаз;
• алма-кезек назарыңды алыстағы затқа тоқтат (20 секунд), сосын  өзіңнің алдыңдағы парақ қағазға көздеріңмен (10 секунд), алдымен сағат тілі бойынша, сосын сағат тіліне қарама-қарсы бағытта шаршыны, үш бұрышты сал.
Күн тәртібі
Тәулікті үш бөлікке бөл;
• емтиханға күніне 8 сағат дайындал;
• спортпен айналыс, таза ауада қыдыр, дискотекаға барып биле;
• 8 сағаттан кем емес уақыт ұйықта; егерде қаласаң және қажеттілік болса, түстен кейін өзіңе тыныштық сағатын жаса.
Ой-қабілетті қалай дамыту керек
1. Ақылды болғың келсе – дұрыс сұрауға, ықыласпен тыңдауға, байсалды жауап беруге, енді ештеңе айту керек болмағанда, үндемеуге үйрен.
2. Білімге ақыл-ой күш-жігерінсіз қол жеткізу мүмкін емес, бірақ ақыл-ойдың өзі білімсіз болмайды.  
3. Ойлауды дамыту бұл - өз ақылыңды біліммен толықтыру. Білімнің көздері әр қилы болуы мүмкін; мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар арқылы заттар және құбылыстар туралы, адам туралы ақпараттар ала аласың.
4. Ойлау сұрақ қоюдан басталады. Барлық жаңалықтар «Неліктен?» және «Қалай?» сұрақтарының арқасында ашылған. Сұрақтарға қоюға және оларға жауаптар іздеуге үйреніңдер.
5. Ойлау және сөйлеу бір-бірімен тығыз байланысты. Ойлау дамуының міндетті шарты – оқығанды еркін баяндау, пікір-таластарға қатысу, жазбаша сөзді белсенді пайдалану, өзің соңына дейін түсінбеген нәрсені, басқаға баяндап беру.  
Тамақтану
Тамақтану күніне 3-4 мәрте, калориялы және дәрумендерге аса бай болу керек. Асқа грек жаңғағын, сүт тағамдарын, балықты, етті, жеміс-жидектерді, көкөністерді, шоколадты пайдалан. Тағы да бір кеңес: емтихан алдында тоя тамақ ішпе.  

Тренингтің 2 бөлігі:  
Стресті жою.
«Ағаштар – ғажайып орманнан келген Мінез-құлықтар» жаттығуы.
Ертегі терапиясы бұл – тәжірибелік психологиядағы тәрбиелеу, білім беру... тәрізді бірқатар міндеттерді шешу үшін ертегі қорларын пайдаланатын бағыт.    
Ертегі терапиясының элементі (30 минут) Психолог:
- Ыңғайлы жайғасыңыз. Көздеріңізді жабуға болады. Қазір менің сізге айтқанымды елестетуізді өтінемін. Қиялыңызбен айқын, ашық суреттер салыңыздар. Ал, енді мен сіздерге ертегі айтып беремін...
Ертегі айтылады. (Мәтіні толық емес).
Бір тамаша әлемде, биік және асқар таулардың ортасындағы алқаптағы, тамаша, таңғажайып құстар ән салатын, ғажайып орманда Ағаштар-Мінез-құлықтар өсіпті...
Ертегіні оқығаннан кейін өзіңнің дербес Ағаш-Мінез-құлқыңның суретін салу керек. Өзіңіздің Ағашыңыздың жанында кімдер өмір сүруі мүмкін екенін ойланыңыз?
 Жұмысты аяқтағаннан кейін, оқушылармен бірлесіп барлық жұмыстарды қарастырамыз және оларды талқылаймыз. Бейненің қандай да болсын аспектілеріне немесе бөлшектеріне қатысты сұрақтар қоюға болады, суреттегі бейне дұрыс түсіндірілгенін нақтылауға болады.
Әрі қарайғы жұмыс бұл суреттердегі бейнелерге байланысты болады. Оқушыларды үш командаға бөлеміз. Суреттелген кейіпкерлерді пайдалана отырып, әр топқа өзінің ертегісін ойлап табу керек. Пайда болған кейіпкерлерді негізе ала отырып, сюжет ойлап табуға, біртіндеп кейіпкерлерді енгізе отырып, ертегіні шеңбер бойынша ойлап табуға да болады, тек ойлап тауып қана қоймай, ертегіні сахналап көрсетуге де болады.
Ертегіні сахналағаннан кейін келесі мәселелер бойынша талқылау басталады:
1. Өзіңіз ойлап тапқан жанды затты көрсеттім деп айта аласыз ба?
2. Сіз ойлап тапқан ертегіде бұл жанды заттар өзін қалай көрсетті?
3. Бұл жанды заттарды қалай сипаттай аласыз?
4. Өзіңіз ойлап тапқан барлық жанды заттарыңызды  ертегінің бір сюжетіне біріктіру қиын болды ма?
 Талқылауды келесі сызба бойынша жасаймыз:
1.    Негізгі тақырып (тақырыптар).
2.    Басты кейіпкер. (Оның тұлғалық қасиеттері).
3.    Басты кейіпкер мен басқа да кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас.
4.    Ертегінің оқиғалары.
5.    Басты кейіпкердің жеңуі тиісті қиындықтары.
6.    Қиындықтарда өзін ұстай алу құралдары.
7.    Қолда бар құралдар.
8.    Жеткіліксіз құралдар.
9.    Ертегідегі өзектілендірген сезімдер.
10.    Ертегідегі бейнелер және символдар.               
Ертегі терапиясынан кейін, 11 сынып оқушыларында рефлексия және метафорикалық ойлау дағдылары дамиды, бұл ҰБТ дайындық кезінде өзінің көңіл-күйін қолдау үшін өте қажет.
Бұл әдістеменің арқасында біз оқушыларға өздерінің мінез-құлықтарының сипаттарын түсіндіруге көмектестік, ал ең бастысы, босаңси білуге және шиеліністі болдырмауға жаттықтыруға үйреттік.
Тренингтің 3 бөлігі:
«Менің отбасым гүлдер түрінде» арттерапиясының жобалық әдістемесі (15 минут).
Әр қатысушы өзінің отбасын гүлдер түрінде бейнелейді. Суретті талқылай отырып, алдымен топтағы барлық оқушылар, кейіннен автор сурет туралы өз ойларын айтады.
Дайын суреттердің барлығын бір мезгілде көрсетуге болады, оларды талдауға, мазмұнында ортақтық пен айырмашылықты табуға болады.
Арттерпияны өткізгеннен кейін оқушылар өздерінің қарым-қатынас қиындығы, тұйықтық, ұялшақтық жағдайларындағы өздерінің эмоционалдық көңіл-күйлерін қалпына келтіреді.   
Өз сезіміңді көрсету үшін, сөздің қажеті жоқ, оны бояуларды немесе қарындаштарды алып, суретпен де бейнелеуге болады.
Егерде адам бір нәрсе қапа болған сәтте, отырып, сурет сала бастаса, оның жағмысыз эмоциялары аса қиын болмайды және біртіндеп кетеді, ал адамның өзі  осы жағдайда пайда болған өзінің эмоцияларын толығырақ және тереңірек түсінеді.
Өткені арттерапия бұл – терапиялық фактор ретінде пайдаланылатын терапияның түрі болып табылады.
Тренингтің соңында оқушылар «Уақыт барлығынан да ақылды, өйткені ол барлығын көрсетеді» психологиялық ашық хатымен жұмыс істеді.  
Уақыт – кедергі ме, дұшпан ба, жау ма? Немесе қамқор емші ме, ақылды дос па және ілтипатты көмекші ме?
Асықпай, бірақ бастысы үлгеру үшін, маңызды оқиғалар мен жағымды қамқорлықтар ағынында болу үшін, өткен әрбір күннен ләззат алу үшін, уақытпен қарым-қатынасты қалай орнатуға болады?
 Бұл бағытта біздің ашық хаттарымыздағы нақылдар, метафоралар, уақыт туралы тарихи әңгімелер барлық оқушыларға көмек береді.  
Нұсқаулық:  өзіңнің ашық хатыңды таңдап алып, өзіңізге берілген аффирмация мен нақылды іштен оқы.
 Психологиялық ашық хат - өзіңді тану және өзіңнің проблемаларыңды шешу ісіндегі көмекші.
Тренингтің соңында кері байланыс жүргізіледі.

 

Рефлексия:  

Маған ұнады ............................................
Маған намаған жоқ.......................................      
                                                                                         

А. Өмірова