2012 жылдың 20 қазанында Астана қаласындағы Қазақ-Түрік лицейінде ата-аналарға арнап өткізілген «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі ата-аналардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбындағы тренинг.



Тренигті Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Өмірова Айнұр Оралбекқызы өткізді.
 Баяндаманың бірінші бөлігі отбасылық тәрбиелеу жөніндегі ата-аналардың функционалдық сауаттылығын дамыту туралы тақырыптың тұсаукесерінен құралды, онда маман 2011 жылы 1 желтоқсанда Отбасылық Тәрбиелеу Институты жанынан ашылған мектептердің және бала бақшалардың ата-аналарына арналған Педагогикалық білімдер университетінің жұмысы туралы айтып өтті. Университетті құру мақсаттарымен танысты. Бұл – Астана қаласында отбасылық тәрбиелеу бойынша ата-аналарға психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік-құқықтық білім беруді ұйымдастыру және өткізу және оларды оқыту және семинарлық сабақтарда-тренингтерде кеңес беру арқылы, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылықтарын көтеру болып табылады.       
Сондай-ақ ата-аналардың отбасылық және бала-ата-ана қарым-қатынастары психологиясы туралы білімдерін кеңейту, ынтымақтастықтың коммуникативтік дағдыларын және тиімді бала-ата-ана өзара әрекеттестігін  меңгеру, отбасылық байланыстардың қалпына келтірілуі және сақталуы, тұлғааралық отбасыаралық қарым-қатынастардың жақсартылуы жөніндегі бұл бағытта жүзеге асырылатын  міндеттермен де таныстырды.
Ата-аналармен өткізілген тренингтің екінші бөлігі – «Гүлдер түріндегі менің отбасым» арттерапиясының жобалық әдістемесі, оның мақсаты – ата-аналарды арттерапия көмегімен стресті және уайымды  болдырмауға үйрету.
Тапсырманы орындаған кезде әрбір ата-ана өзінің отбасын гүл түрінде бейнеледі. Ал салынған суреттерді талқылау барысында, бастапқыда топтың барлық адамдары сурет туралы өздерінің пікірлерін айтты, ал сосын сөз авторға берілді, ол өзінің отбасы туралы әңгімелеп берді.
Дайын суреттер бір мезгілде көрсетілді, олардың ұқсастықтары және айырмашылықтары, мазмұндары салыстырылды, сосын әрбір орындалған суретпен жекелей жұмыстар жүргізілді.  
Ата-аналармен тренингті жүргізу барысында «Уақыт барлығынан да ақылды, өйткені ол барлығын көрсетеді» психологиялық ашық хаттармен  жұмыс та пайдаланылды, нұсқаулыққа сәйкес: ата-аналар өздерінің ашық хаттарын таңдап, ашық хатта берілген аффирмация мен нақылды оқуы керек.  Психологиялық ашық хат - өзіңді тану және өзіңнің проблемаларыңды шешу ісіндегі көмекші.
Қазақ-Түрік лицейінің директоры «Өскелең ұрпақты тәрбиелеу және лицей мен ата-аналардың өзара ынтымақтастығы» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізуге белсене қатысқаны және көмек көрсеткені үшін Өмірова Айнұр Оралбекқызына алғыс хат тапсырды.

                                

А.О.Өмірова, бас маман.