Оларды жеңу жолдары» тақырыбындағы тренингтер.

15.11.2012 жылы  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында отбасылық дәрісхана аясында «Балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы. Оларды жеңу жолдары» сабағы өткізілді. Сабақты Отбасылық тәрбиелеу институтының  бас маманы, кеңесші                                Фуст Екатерина Андреевна  өткізді.


       Сабаққа Астана қаласындағы Басқару колледжі мен Байланыс және коммуникация колледжінің  оқушылары шақырылды. Оқушылар психологтармен бірлесіп, «жанжал» түсінігін қарастырды, жанжалдық оқиғалардың пайда болу себептерін айтты. Белсенді және қызу пікір-талас барысында оқушылар жанжалдар бұл -  біздің өміріміздегі норма, қалай болғанда да ол біздің өмірімізде туындайды деген ортақ пікірге келді, басты міндет – пайда болған жанжалдық оқиғадан дұрыс және лайықты түрде шыға білу. 

 


                          


       Оқушылар жанжалдық жағдай туындағанда үш ұстанымды білу керектігіне үйренді:

  • Агрессивтік (егерде осы ұстанымды ұстансақ, біз туындаған жанжалды одан әрі шиеленістіре түсеміз және оның нәтижесі тіпті қиын болады);
  • Енжарлық (бұл ұстанымды ұстасақ, біздің жәбірлеушіміздің шағымы немесе ұсынысы еленбейді, бұлай да біз өз жанжалымызды шеше алмаймыз);
  • Сенімді (осы ұстанымды ұстай отырып, біз кез келген жағдайда жанжалды шеше аламыз, ең бастысы дәлелді деректерді басшылыққа алу керек және өзіміздің эмоцияларға берілмеуімізді қадағалалауымыз керек, уақытылы түсініп кешіріп сұрап, өз қателіктерімізді ұғына білу керек).

Осы түсініктерді бекіту үшін балаларға 5 топқа бөлінуге ұсынылды және әрбір топ туындаған өмірлік жағдайдан «жеңімпаз» болып шығу керек еді.

Колледждің оқушыларына «Нүктелер» жаттығуы қатты әсер етті, онда оқушылар жұптарға бөлініп, бір минут ішінде өз шекарасына көп нүктелер қою ұсынылды. Осы жаттығудан кейін, оқушылар біздің әр түрлі екендігімізді, әркімнің өз стратегиясы болатындығын, біреу қулықты пайдаланса, енді біреудің басқа адамның шекарасы болатындығын ұмытатындығына көз жеткізді.
                   


   
     

Тренингтің соңында «Пиф-паф – сен жоқсың! Көңілді ойын өткізілді. Онда балалар өздерінің эмоционалдық көңіл-күйлерін көтерді!
       Барлық балалардың тренингке қызығушылықпен қатысқандықтарын атап өткен жөн. Олар өмірлік жағдайларды эмоционалды ойнап, барлық сауалдарға шын көңілден жауап берді.
      Кері байланыс кезінде балалар сабақ барысында алған білімдері мен дағдылары үшін психолог  Екатерине Андреевнаға, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді, олар бұдан былай өздерінің ата-аналарына, курстас құрбы-құрдастарына, дос-жарандарына барынша ілтипатты болуға тырысатындықтарын атап өтті. Жалпы жанжалдық жағдайға енді басқаша қарайтындықтарын айтты. Ал  ең бастысы бозбалалар мен бойжеткендер мұндай тренингтер жиі өткізілсе деген өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді!
  

Орындаған Е.А. Фуст