Өткізілетін орыны: Астана қаласы Алматы ауданының АХАЖ.

Өткізілетін күні және уақыты: 2012 жылдың 25 желтоқсаны, сағат 16:00-де.

Жетекші: Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, отбасылық институтының бас маманы – Е.А. Фуст.

Қатысушылар: Астана қаласының аудандық АХАЖ өтініш берген жас жұптар.

Тренингтің міндеттері:

  • «Жанжал» түсінігін анықтау;
  • Жанжалдардың пайда болу себептерін талдау;
  • Жанжалды жағдайларды шешуге үйрену;
  • Біздің өмірімізде болатын жанжалды жағдаяттарды ойнап көрсету;
  • Жанжалдың өзінен жақсылық таба білу;
  • Жанжалдың отбасын бұзуын болдырмайтын жағдай жасау.

Сабаққа некеге отырған жастар және жаңа отбасын құру үшін аудандық АХАЖ өтініш берген жігіттер мен бойжеткендер шақырылды. Бірақ, әр шақырылған жұптың жеке себептеріне байланысты, тренингке бір ғана жастардың жұбы қатысты. Бірақ, осыған қарамастан, психолог тренингтің жұмысын жалғастырды.

Сабақ «жанжал» түсінігі туралы әңгімеден басталды, жанжалдық жағдайлардың туындау себептері туралы айтылды. Белсенді және қызу пікір-талас барысында жастар, «жанжалдар бұл – біздің өміріміздің нормасы, қалай болғанда да, олар болады, ал біздің басты міндетіміз – туындаған жанжалды жағдайдан дұрыс және лайықты түрде шыға білу керек» деген қорытындыға келді.

Сабақ барысында жас жұбайлар жанжалды жағдайлар туындағанда, ұстану қажет болатын, келесі ұстанымдарды қарастырды:

  • Агрессивтік (осы ұстанымды ұстай отырып, біз туындаған жанжалды одан әрі шиеленістіре түсеміз, нәтижесі соншалықты қиын болады);
  • Енжар (осы ұстанымды ұстай отырып, өзіміз ренжіткен адамның шағымын немесе өтініш елемей де, біз жанжалды шеше алмаймыз);
  • Сенімді (осы ұстанымды ұстай отырып, біз кез келген жағдайда, жанжалды шеше аламыз, бастысы дәлелді фактілерге сүйену керек және қызу эмоциялардың үстемдік етуіне жол бермеуіміз, уақытында кешірім сұрап, өз қателігіңді түсіне білу керек).

Осыдан кейін, олардың әрқайсысы өз өмірінде кездескен бес нақты жанжалды жағдайды атап өтті және психологтың көмегімен жастар келтірілген кез келген жанжалдан лайықты түрде шығуға тырысты.

Жастарға «Нүктелер» жаттығуы қатты әсер етті. Онда жастарға бір парақ қағаз беріліп, бір минуттың ішінде, өзінің визуалдық шекарасында қаншалықты көп нүктелер салу ұсынылды. Осы жаттығудан кейін, болашақ ері, оның өз сүйіктісіне қатысты белсенділігі, кейде рұқсат етілгеннің «аясынан» шығып кететіндіге көз жеткізді. Ал болашақ зайыбы керісінше, өз шекарасынан шыққан жоқ, осы арқылы өзінің қарапайымдылығы мен ұстамдылығын көрсетті. Бұл жаттығу, біздің әрқайсымыздың әр түрлі екендігімізді, біздің әрқайсымыз өзіміздің стратегиямызды таңдайтындығымызды, біреу қулықта таңдаса, басқалары тыныштық пен байсалдылықты таңдайтындығын көрсетті. Бұл ұстанымдарды біз өз отбасыларымызда да пайдаланамыз.

Жастардың тренингке қызығушылықпен қатысқандығын атап өткен жөн, олар өмірдегі оқиғаларды қызу ойнап, сұрақтарға шынайы жауап берді.

Тренингтің барысында олар бір-бірінің басқа қырларын ашты, өз жұбының бойынан, өздері үшін маңызды, жаңа нәрселер тапты.

Кері байланыс кезінде, жастар психолог Екатерина Андреевна Фустқа, ұйымдастырушыларға, ықтимал жанжалдарды ескерту туралы сабақ барысында алған жаңа білімдері мен дағдылары үшін алғыс білдірді және енді бұдан былай, бір-біріне ілтипатпен қарап, өздерінің бақытты отбасын сүйіспеншілікпен құратындығын айтып өтті.

Ал ең бастысы, жастар келесі сабаққа да жазылып, жаңа кездесуді асыға күтетіндіктерін білдірді!

Жалпы тренинг нәтижелі өтті, барлық қойылған мақсаттарға және міндеттерге қол жеткізілді!

 

Р.S. «Сіздерге үлкен рахмет! Өте қызықты болды. Өзіміз үшін көп қызықты және жаңа ақпараттар аштық. Мұндай сабақтар жастарға керек-ақ. Кейде біз өздеріміз шеше алмайтын қиын жағдайларға кезігеміз. Ал сіздер болсаңыздар, кез келген жағдайды нақты түсіндіріп, одан шығу жолдарын айтып бересіздер.

Сіздердің Отбасылық тәрбиелеу институттарыңыз гүлдене берсін және біздер – жастар үшін мұндай қажетті сабақтарды көбірек жүргізе берулеріңізді тілейміз!». Бұл болашақ ерлі-зайыптылар Орналиев Азамат пен Қойбақышева Айжанның бізге білдірген ыстық лебізі.

 

 

Орындаған Е.А. Фуст.