2013 жылы 15 қаңтарда Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде ҮЕҰ және қалалық депарамент арасында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумдар қабылдау мақсатында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің мәжілісі өтті.

 

 

Мәжілісте Отбасылық институт атынан директор - Набитовская Любовь Николаевна сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «Отбасылық тәрбиелеу институты» ЖШС Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен 2011 жылдың 25 қарашасынан бастап бірлесіп жұмыс істеп келе жатқандығын және инситуттың балалардың құқықтарының және мүдделерінің сақталуына және қорғалуына көмек пен қолдау көрсететін ұйымдардың бірі екендігін, бірлескен форумдарға, дөңгелек үстелдерге, конференцияларға, конкурстарға және фестивальдарға қатысатындықтарын атап өтті.

Институт ұзақ мерзімдік өзара ынтымақтастықты бұдан әрі кеңейтуге мүдделі, өйткені отбасы және отбасылық тәрбиелеу бұл - әр бала өмірінің негізі. Отбасылық тәрбиелеудің педагогикасында және психологиясында ата-ана қаншалықты сауатты және дайындалған болса, отбасындағы тәрбие үдерісі соншалықты сапалы өтеді, осыған сәйкес, балалардың тәрбиелілік деңгейі де жоғары болады, яғни, жалпы қоғамның тәрбиесі биік болады деген сөз. Отбасындағы тәрбиенің рөлі, сөзсіз, маңызды. Ал қазіргі күні тәрбиелеу үдерісі, ата-аналардың айрықша назарын талап етеді. Психологиялық-педагогикалық білім қажет. Бұл тұрғыда ата-аналарға біздің институтымыз тегін өткізетін, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі ата-аналарға арналған сабақтар көмектеседі. Біздің институтымыздың психолог-кеңесші мамандарының, институтымызда «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша біліктіліктерін көтерген кәсіби мамандардың көмегі, бізге өз проблемасымен жүгінген әрбір ата-анаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге мүмкіндік жасайды. Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен өзара ынтымақтастық, еліміздің өскелең ұрпағына білім беру және оларды тәрбиелеу саласындағы бірлескен жобалардың нәтижелі қызмет етуіне ықпалдастық көрсетеді.

Л. Набитовская