2013 жылы 16 қаңтарда №56 мектеп-лицейінде қаланың ата-аналар жұртшылығына арналған жаңа 2013 жылғыалғашқы ашық сабақ-тренингі өткізілді, оған №56, №60 мектеп-лицейлерінің, №44 орта мектептің ата-аналар комитеттері шақырылды.

Ағымдағы жылы ата-аналармен кездесу, Отбасылық тәрбиелеу институты жанында қызмет ететін ата-аналарға арналған Педагогикалық білімдер университетінде ай сайын өткізілетін болады. Оның мақсаты отбасы және отбасылық тәрбиелеу мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық сауаттылықтарын және құзіретіліктерін арттыру.

Тренингке қатысқан 30 ата-ана отбасылық тәрбиелеудің ең маңызды және ең қызықты тақырыптардың бірі «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» тақырыбын қарастырды.

Тренингтерге шақырылғандардың көбі келетіндігі қуанышты жайт және ата-аналардың пікірлерінше, тренингтерге қатысу, олардың өмірлерінде өз ізін қалдыруда. Бұл кезде жаңа білімдерге қол жеткізіледі немесе білгендерін қайталап, ата-аналар өздерінің отбасылық міндеттеріне деген қарым-қатынастарын қайта қарастырады.

Ата-аналарға арналған сабақтарды елорда мектептерінің отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілері, біздің Институтымыздың түлектері әзірлейді және өткізеді. «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» тренингін №56 мектеп-лицейінің психологы Әмірханова Алма Шаханқызы және №38 мектеп-лицейінің әлеуметтік педагогы Абдахова Сәуле Мошыбекқызы дайындады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша, тренингтің басында Институттың бас маманы Өмірова Айнұр Оралбекқызы ата-аналарды Отбасылық тәрбиелеу институтының, сосын ата-аналарға арналған Педагогикалық білімдер университетінің құрылуымен және қызметімен таныстырады және сабақтарды жүргізетін жетекшілермен таныстырады. Осы жолы да солай өтті.

Жетекші Алма Шаханқызы қуыршақ терапиясы әдістемесін қолданып, кездесуге қатысқан ата-аналармен қызықты формада таныстыру өткізді. Сабағын таныстықтан бастаған ол, біртіндеп қарастырылатын тақырыптың теориялық жағына өтті, бұл кезде ол өзінің бірдей деңгейде меңгерген қазақ және орыс тілдерін пайдалана білді.

Теория тәжірибелік жұмыспен – ата-аналарға сауалнама жүргізумен бекітілді. «Отбасылық тәрбиелеу. Қалай жақсы ата-ана болуға болады» әдістемелік құралынан алынған «Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін анықтау» жөніндегі тестерді пайдаланылды, осының нәтижесіне әр ата-ана өзінің педагогикалық мәдениеттің – жоғары, орта немесе төмен деңгейлерінің қайсысына жататындығын білді.

Педагогикалық мәдениеттің орташа деңгейін көрсеткендерге психологтар, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі педагогикалық мәдениет пен білім деңгейін қалай арттыру керектігі туралы психологиялық ұсыныстар берді. Ата-аналардың арасында педагогикалық деңгейлері төмен ата-аналардың болмағаны қуанарлық жағдай. Бұл жетекшілерді қатты қуантты.

Тәжірибелік жұмыстарды жалғастырған жетекші, релаксациялық әуенді тыңдап отырған ата-аналарға ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынасы туралы екі оқиға туралы әңгімелеп берді, осы жағдайлардағы ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін анықтау туралы тапсырма берді. Мәселені талқылаған ата-аналар әр нұсқа бойынша өздерінің пікірлерін айтты. Тренингтің белсенді қатысушылары сыйкәделермен ынталандырылды.

Тренинг жемісті және сапалы өтті. Бұл жөнінде пікірлер кітабына ата-аналар өздерінің пікірлерін жазып қалдырды. Ата-аналар өздерінің тілектерінде, ата-аналар жұртшылығына отбасылық тәрбиелеу жөніндегі мұндай тренингтерді өткізудің маңыздылығын атап өтті, өйткені қосымша білім ешуақытта ешкімге кедергі болған емес және бүгін күні де әр ата-анаға оның артықтығы болмайды.

 Жетекші өз сөзін А.С. Макаренконың: «Жақсы отбасы да, жаман отбасы да болады. Отбасы дұрыс тәрбиелейді деп кепілдік беруге де болмайды. Отбасы қалай болса, солай тәрбиелейді деп те айта алмаймыз. Біз отбасылық тәрбиені ұйымдастыруымыз керек және ұйымдастыратын бастау – мемлекеттік тәрбиелеудің өкілі ретіндегі мектеп болу керек,- деген тамашасөздерімен тәмәмдады.