Отбасылық тәрбиелеу институтының түлегі, Ақмола облысы Щучье қаласы №1 мектеп-гимназиясының психологы Боргуль Екатерина Владимировна 2013 жылы 4 қаңтарда педагогикалық кеңестің жұмысына қатыса отырып, «Оқушылардың отбасыларын бірлескен оқу-тәрбие қызметіне тарту мақсатында, олармен жұмыс істеудің ерекшеліктері» тақырыбында сөз сөйледі, онда профессор С.Л.Евдокимованың «Отбасылық тәрбие» және «Қалай жақсы ата-ана болуға болады» екі кітабы түріндегі әдістемелік құралдардың тұсаукесері болды. Психолог бұл әдебиеттердің оқушылармен тәрбиелік жұмыс барысындағы және ата-аналармен ағартушылық жұмыс барысындағы өзектілігіне және маңыздылығына айрықша назар аударды, ол бұл әдебиеттердің мектептегі әр педагог үшін және отбасындағы әр ата-ана үшін үстел үстілік кітап болу керек деп атап өтті.

Ол бұл кітаптардан отбасылық тәрбие жөніндегі көптеген қызығушылық тудырған мәселелерге жауап табуға болатындығын және оларды ата-аналар жұртшылығымен болатын түрлі іс-шараларға дайындық кезінде табысты түрде пайдалануға болатындығын да айтып кетті.

Педагогтарға оқушылардың отбасыларымен жұмыс істеу кезінде қажет болатын кейбір тәсілдер ұсынылды, отбасының социограммаларын жасау мысалы, «Тілектер, өмірлік құндылықтар шеңбері» әдістемесі, «Отбасы театры» жаттығуы көрсетілді.

 

16 қаңтарда Екатерина Владимировна жалпы мектептік ата-аналар жиналысын өткізді, онда «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті» тақырыбында сөз сөйледі.

Жиналысқа 183 ата-ана қатысты. Психолог ата-аналарды қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылатын, мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігінің тиімділігін арттыруға шақырды.

Тұлғааралық қарым-қатынастардың барлық кешенінің, ерлі-зайыптының, ата-аналардың және балалардың өзара әрекеттестіктерінің арқасында, отбасы баланың физикалық, психикалық, ой-қабілетінің және әлеуметтік дамуына ең қолайлы жағдайлар жасайтыны сөзсіз, оған рухани құндылықтар, моральдық нормалар, дәстүрлер, мінез-құлық үлгілері және қарым-қатынас тәсілдері жүйесін береді. Сондықтан да, эмоционалдық саланың дамуына және отбасында сезімдерді тәрбиелеуге жағдай жасайтын, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін дамыту керек.

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру мәселесі бойынша ата-аналар жұртшылығымен өткізілген ағартушылық іс-шаралары тек Щучьеде ғана өтіп қойған жоқ. Ата-аналармен кездесулер Ақмола облысының Сандықтау және Егіндікөл аудандарында да өткізілді. Бұл жерлердегі ата-аналармен болған тренингтерді Отбасылық тәрбиелеу институтының түлектері, психолог-кеңесшілер Внуковская Инна Валентиновна және Әбдіраева Шолпан Апрелханқызы жүргізді.

«Педагогикалық мәдеиетінің жоғары деңгейі бар ата-аналар, тәрбиенің басты мақсаты – дамыған, әлеуметтік белсенді тұлғаны қалыптастыруды сезінеді. Бұл жерде ата-аналар баламен өзара әрекеттестік жасайды, әркелкі әдістемені пайдаланады, оның жақсы қасиеттеріне сүйенеді, оған дербестік пен бастама ұсынуға қамқорлық жасайды, оны өзінің мінез-құлқын, өзін-өзі тәрбиелеуіне талдау жасауға итермелейді. Олар педагогикалық өзіндік білім алумен белсенді түрде айналысады, балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері жөніндегі ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді оқиды және пайдаланады, ал қиындық туындаған жағдайда, кәсіби мамандардың – сынып жетекшісінің, мектеп психологының және әлеуметтік қызметкерлің кеңестеріне жүгінеді. Сондықтан да әрбір ата-ана педагогикалық мәдениеттің жоғары деңгейіне ұмтылу керек!»,-деді Шолпан Апрелханқызы тренингтке қатысқандарға.

 

Өзінің ата-аналармен болған тренингтік сабақтарында отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Внуковская Инна Валентиновна артерапия әдістемесін пайдалана отырып, баланың ұстанымына сүйеніп, оның мінез-құлқының бұзылу себептерін талдады.

Ата-аналар отбасылық тәрбиелеу жөніндегі тренингтерге қатысқандарына риза болды, өйткені мамандармен кездесу барысында ата-аналар меңгерген психологиялық-педагогикалық білім, отбасындағы өзара қарым-қатынасты дамытады және жақсартады, ата-аналарды тату-тәтті бақытты отбасын құруға және нығайтуға бағыттайды.

 

 Отбасылық тәрбиелеу институты