«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек,

 Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»

Әл-Фараби

2013 жылы 25 қаңтарда Отбасылық тәрбиелеу институтының «Педагогикалық білімдер университеті» Астана қаласындағы «Айналайын» балалар бақшасы негізінде, ата-аналарға «Қазіргі заманғы қазақстандық отбасындағы отбасылық әдет-ғұрыптар және салт-дәстүрлер» тақырыбында кезекті тренинг өткізді. Тренингке №1, №2, №3 балалар бақшаларының, «Айналайын» ЖМБ ата-аналар комитеттері шақырылды. Институттың түлектері, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер А.В.Баймұқанова және М.С.Демеуова ата-аналармен сабақты өте қызықты және кәсіби деңгейде өткізді.

 

Мәдина Сейсенбайқызы, ата-аналармен танысқаннан кейін, егеменді еліміз Қазақстан туралы, көп ұлтты мемлекеттің Отаны – тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан Республикасы туралы, ұлттар тарихына, оның ұлттық мәдениетіне, этностың қалыптасуы бастауларына және оның жалпы әлемдік өркениеттер жүйесіндегі эволюциясына қатысты ел тұрғындарының қызығушылығының күннен-күнге артып келе жатқандығы жөнінде айтып өтті. Қазақ халқының өз елінің тарихы, оның мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, жеке ұлттық-мәдени тамырлары туралы білімге деген мұқтаждығы, қазақстандық қоғамға мемлекеттегі отбасы мәртбесін жаңартуға және нығайтуға көмектеседі, отбасылық тәрбиелеу деңгейінен, неке мен отбасы институтының жетілуінен, ажырасудың қысқаруынан көрінеді, некелердің сапасын арттырып, бала тууды көбейтеді.

Тақырыпты әрі қарай жалғастырған психолог Антонина Александровна ата-аналармен бірге қазіргі кездегі қазақстандық отбасыларда сақталған үйлену, бала туу және бала циклі – отбасылық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді еске алды. Олардың қатарына келесілер жатады: «кіндік шеше», «ат қою», «шілдехана», «бесікке салу», «қырқынан шығару», «тұсау кесу», «сүндетке отырғызу» - діни наным-сенімге байланысты ғұрыптық сүндетке отырғызу салты. Дәстүрлі әдет-ғұрыптардан бүгінге дейін мынандай дәстүрлер сақталған: қалыңдықты көру (көрімдік беру), қалыңдықтың жасауын көру, жастарға шашу шашу, келіннің отқа май құюы, күйеу жігітке төс тарту, құдаларға құйрық-бауыр жегізу, жар-жар және бет ашар айту, киіт кигізу және т.с.с.

Психолог ата-аналармен әңгімелесу кезінде келесі сұрақтарды қойды:

  1. Сіздің отбасыңызда ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрлер бар ма? Олар қандай? Сипаттап беріңіз.
  2. Отбасында әдет-ғұрыптарды және салт-дәстүрлерді сақтау қандай рөл атқарады?
  3. Ал Сіз өзіңіз отбасында қандай дәстүр қалыптастырдыңыз? Олар қандай? Сіздің бастамаңызды жақындарыңыз қолдай ма?

Ата-аналар өз отбасыларындағы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы ой бөлісті. Үйлену тойы күнін, балаларының туған күндерін және отбасында дәстүрге айналған басқа да мерекелерді естеріне алды. Ата-аналардың отбасылық өмір тарихы туралы жағымды естелік тыңдау аса қызықты болды. Тренингтің белсенді қатысушыларына сыйкәделер сыйланды.

         Жайма-шуақ әңгімелесуден соң, кейбір ата-аналар отбасын сақтау туралы өздерінің ұсыныстарын айтып берді:

  • Отбасылық дәстүрлердің ересек үшін де, бала үшін де, орасан зор маңызы бар, олардың көмегімен ұрпақтар арасындағы байланыс, сабақтастық, ата-ана мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас сақталады. 
  • Дәстүрлер отбасының берік, ынымақтастықта болуына көмектеседі, отбасы мүшелерін біріктіретін «цемент» рөлін атқарады.
  • Ұл немесе қыз өскен кезде, өздерінің балалық шағын, туған шаңырағын, отбасылық мерекелерді, серуендерді жылылықпен естеріне алады. Жаңа отбасын құрған кезде олар үлгі тұтар, сүйенер нәрселері болады.

 Психологтар берген білім тәжірибелік жұмыспен бекітілді.

«Біздің ішкі жан дүниеміздің бір жерінде кішкентай ғана жып-жылы жарық бар. Ол бізге қолайлылық пен жылы жайлылық сыйлайды. Ал біздің жанымызда адамдар жүр және олардың әрқайсысының өзінің жан жылуы болады. Сіз өз жүрегіңізді адамдарға қаншалықты кеңірек ашсаңыз, бұл жарық – сіздің жаныңыздың жылуы, соншалықты жарқын әрі жылы болады»,- деп бастады психологтар «Менің жанымның жылуы» жаттығуын.

Жаттығу кезінде ата-аналар қазақ музыкасын тыңдады, өздерінің отбасыларын еске түсірді, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері тақырыбына қатысты өздерінің ассоциацияларын суретпен бейнеледі. Жаттығу сабаққа қатысқан төрт балалар бақшасының ата-аналарын жақындастырды, өйткені олар бірге сурет салып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ көптеген ата-аналардың отбасылық өмір туралы мүдделері сәйкес келді.

Біздің институттың мамандары жүргізген тренингтер, отбасылық тәрбиелеу бойынша білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, Астана қаласындағы мектептердің оқушыларының және балалар бақшаларының тәрбиеленушілерінің ата-аналарын жақындастырады. Ал бүгінгі күні бұл өте маңызды және аса қажет. Соңғы нәтиже үшін – Қазақстаннның азаматын табысты және сапалы тәрбиелеу жолында жұмыс істей отырып ғана, тек ата-аналармен бірлескен жұмыс нәтижесінде ғана, біз әр адамның өмірінің негізі болатын отбасылық тәрбиеде табыстарға жетеміз, бір-біріміззе деген төзімділік пен құрмет сезімдерін сақтаймыз.

Қазақ отбасылырының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне арналған тренингтің қорытындысын жасай отырып, Антонина Александровна келесідегідей ой түйді:

Балаларды ата-аналарын сүюге және сыйлауға, ата-бабаларын құрметтеуге тәрбиелеу – қазақ халық педагогикасының жетекші идеяларының бірі. Ал тағы бір идея – баланы, болашақ отбасы иесін жас күнінен жақсы өнегелік қасиеттерге (еңбексүйгіштіке, төзімділікке, ұқыптылыққа, қарпайымдылыққа, адалдыққв және т.б.) тәрбиелеу.

Сіздердің отбасыларыңызға амандық және отбасылық өмірде табыс тілейміз!!!

Тренингтің соңында ата-аналар кері байланыс сауалнамасын толтырды, белсенді жұмыстары үшін институт «Рахмет!» ашық хаттары мен отбасылық тәрбиелеу жөніндегі ақыл-кеңестерді сыйлады.

Тренинг барлығы бірге қосылып айтқан «Атамекен» әнімен аяқталды.

 

Ақпаратты ОТИ бас маманы А.О.Өмірова дайындады.

Жұмыс телефоны/факс: (87172)94-96-77. e-mail: instityt-sv@mail.ru.

«Отбасылық тәрбиелеу стильдері және оның бала тұлғасына ықпалы» тақырыбындағы келесі тренинг Бөгенбай батыр, №6/А мекенжайында орналасқан Отбасылық тәрбиелеу институтында 2013 жылы 6 ақпанда болады.

Тренингті отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңасшілер Бексұлтанова Зәбира Серікқызы, Қалиева Назгүл Сәбитқызы өткізеді.