2013 жылы 25 қаңтарда Ақмола облысы Ақсу кентінде Отбасылық тәрбиелеу институтының түлегі, психолог-кеңесші Мансұрова Айгүл Сағынтайқызы мектепте ата-аналармен бірге «Қазіргі заманғы қазақстандық отбасындағы отбасылық салт-дәстүрлер және әдет-ғұрыптар» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингке ата-аналармен бірге жоғары сынып оқушылары да қатысты.

Тренингке дайындық алдын ала басталды, тренинг басталғанға дейін ата-аналар тәжірибелік тапсырма алды, онда олар қазақ халқының бірқатар әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін ойластырып, оны сабақ барысында ұсынулары керек еді. Ата-аналардың бұл тапсырманы лайықты түрде орындап шыққандығын айтып өткен жөн. Тренингке түрлі ұлт өкілдері қатысты, олар үшін қазақтың әдет-ғұрыптарымен және салт-дәстүрлерімен танысу, халықтың ұлттық дәстүрлерін тереңірек білу өте қызықты болды. Тренингке бірнеше ұрпақтың өкілдері қатысқандығы қуанышты жағдай еді. Әжелер тренингке қатысушыларға қазіргі кезде халық арасында өткізілетін салт-дәстүрлер туралы әңгімелеп берді.

 

«Белкөтерер» салты (қонақжайлылық салты).

Белкөтерер – қарт адамдарға арналған қонақасы. Қарияларға қамқорлық жасау, ең алдымен оларға айрықша көңіл бөліп, күтіп-бағу бұл – халықтың ең маңызды дәстүрлерінің бірі. Олар үшін дәмді, жұмсақ тағамдар: қазы, сары май, жент, қымыз, ірімшік, бал және т.с.с. әзірленеді. Мұны балалары, көршілері, жақын туыстары әзірлеп, әкеледі. Бұл дәстүр ата-анаға, қарт адамдарға қамқорлық жасаудың үлгі-өнегесі болып табылады.

 

«Сүйінші» салты.

Сүйінші –қазақ ұлтында жақсы хабар жеткізіп, қуантса, сүйінші кәдесін алатын салты. «Сүйінші» деген сөзді естіген кезде, барлығы келген адамның жақсы жаңалық әкелгенін бірден түсінеді. Ал жақсы жаңалық әкелген адамға міндетті түрде сый-кәде жасау керек.

 

«Шілдехана» салты (Нәрестенің дүниеге келуі).

Шілдехана — нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той, қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлердің бірі, баланың дүниеге келгендегі алғашқы тойы. Туған-туыстар, көршілер және алыс-жақын ағайындар Шілдеханаға жиналады да «бауы берік болсын!» деп тілек айтып, шашу шашып келеді. Ән айтылады.

 

«Тұсау кесу» салты.

Бала бесіктен белі шығып, еңбектеуден өткен соң, аяғын қаз-қаз баса бастайды. Бұл баланың ең алғашқы талпынысы, тіршілігі. Мұны ежелден түсінген қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны ауылдағы желаяқ пысық әйелге «ал, сен кес, өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың аяғына тұсауша байлап, содан соң ортасынан кеседі.

Бұған мал сойылып, жұрт жияды. Келген жақын туған-туыс, көршілер балаға жақсы тілектер айтады.

Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт дәстүрлерін көрсеткеннен кейін, ата-аналар бірлескен сабаққа қатысып отырған жоғары сынып оқушыларын, өздерінің отбасыларында ұлттық дәстүрлерді сақтауға үндеді. Сонымен бірге, олардың қайсының болсын өз халқының, сондай-ақ ұлы, көп ұлтты Қазақстанды мекен еткен басқа да халықтардың тарихтарын және мәдениеттерін білулері керек екендігіне жастардың назарын аударды.

Өз мәдениетін, басқа халықтардың мәдениеттерімен салыстыру, материалдық және рухани әлемнің құндылықтарымен алмасу – ұлттық және діни төзімділіктің, біздің еліміздегі халықтар арасындағы жанжалдық жағдайлардың болмауының кепілі болып табылады.

Жоғары сынып оқушылары ата-аналарға және тренингті ұйымдастырушыларға өздерінің шынайы тілектерін білдірді: «Бізге тренинг өте ұнады, ол бізді ата-аналарымызбен жақындастырды, біздің қарым-қатынастарымыз бұдан әрі жылы сипатқа ие болды. Болашақта, біз өзіміздің бақытты отбасымызды құрып, бүгінгі күні біздің қазақстандық қоғамда өмір сүріп отырған отбасылық дәстүрлерді қорғап, сақтаймыз және оны қазақстандықтардың жаңа ұрпағына беру үшін, нағайтататын боламыз».

Ақмола облысында отбасылық дәстүрлер және құндылықтар тақырыбындағы тренингті психолог Керейбаева Құралай Байтенқызы өткізді. Ол Ерейментау ауданындағы Шахта кентіндегі №1 мектепте өтті. Тренингке 20 ата-ана қатысты.

Тренингтің басында Құралай Байтенқызы ата-аналарға арналған шағын дәріс оқыды, сосын қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін сақтауға бағытталған сауалнамалар, жаттығулар, ойындар жүргізді.

 

 

Құралай Байтенқызының пікір кітабына ата-аналар төмендегідей пікірлерін қалдырды : «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі тренингтер бізге қажет-ақ, өйткені біз өзіміздің балаларымызбен дұрыс қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін, балалардың бойына қазақ халқыны салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары сіңіру туралы білімді беруге қатысты дұрыс тәсілдер табуға, біздің басқа адамдарға қатысты төзімділікке үйретуге мүмкіндік беретін педагогикалық сауаттылыққа үйренуіміз қажет. Тренингтен кейін өзіңді көтеріңкі сезінесің, үйіңе жақсы көңіл-күйде оралып, ренішті ұмытасың, жаның жай тауып, ерніңе күлкі үйіріледі. Тренинг үшін алғыс айтамыз!».

Мұндай тақырыптық тренинг Ақмола облысындағы Степногорск қаласындағы №4 балалар үйінде де өтті, оны отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог –кеңесші Легунец Елена Николаевна өткізді. Психолог өз тренингін балалар үйінің тәрбиеленушілерімен өткізді, өйткені маманның пікірінше, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін баланың бойына балалық шақтан сіңіру керек. Үлкен дастархан басында балалар отбасы туралы мақал-мәтелдермен, нақыл сөздермен танысты. Мәселен: «Қонақ келсе – құт келер. Гость придет – счастье в дом войдет», «Қонақ аз отырып, көп сынайды. Гость сидит немного, а замечает многое», «Қонағым, жүре-бара тоярсың. Гость, не забывай, что в следующих домах тоже угостят»,«Қонақты сөзбен тойғыза алмассың. Гостя словами не накормить».

Сабақты жүргізу барысында балаларға қазақтың қол жуу салты көрсетілді. Алдын ала жылы таза су дайындалды, оны құмғанға құйып, қонақтардың қолдары жуылды. Бұл салтқа ер баланы жасөспірім шағынан үйрететіндігі және мұны тек ер адамдар ғана орындайтыны атап өтілді.

 Елена Николаевна осы тақырып бойынша балалардың білімдерін тексермек болып, бірнеше сұрақтар қойды:

  1. Қазақтардың тасымалданатын үйі қалай аталады?
  2. Қазақ ұлттық музыкалық аспаптарын атаңдар.
  3. Қазақ ұлттық салт-дәстүрлерін естеріңе түсіріңдер.
  4. Қазақтың ұлттық тағамдарын атаңдар.
  5. Үй жануарларын қазақ тілінде атаңдар.
  6. Ұстаз, ата, қыс, дүйсенбі, мектеп, балалар, көктем, мереке сөздерін қазақ тіліне аударыңдар.

Балалар бір-бірлерін толықтырып, психологтың сауалдарына бар ықыластарымен жауап берді.

 

Ал тренинг «Көтермек» ұлттық ойынымен аяқталды.

Ойын туралы. Ортаға екі ойыншы шығады. Бір-бірін арқаларымен тіреп, олар шынтақтарын қосады. Берілген белгіден кейін, қай ойыншы қарсыласын бірінші болып көтерген болса, сол жеңімпаз атанады.

Ойын қызықты өтті. Әрине, жеңімпаздар да, жеңілгендер де болды.

Балалар үйінде өткізілген тренинг – танымдық, тәлім-тәрбие беретін сабақ болды, қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы білген балалар, олардың кейбіреулеріне өздері де қатысты.

Ақмола облысының білім беру мекемелерінде болған осындай қызықты, танымдық, тәлім-тәрбие беретін тренингтерді Отбасылық тәрбиелеу институтының түлектері ата-аналарға, балаларға, жас қазақстандықтардың өсекелең ұрпағына арнап өткізді.

Біздің институт еліміздің өңірлерінде ата-аналарды педагогикалық сауаттандыру бойынша жұмыстарды белсенділендіруді жалғастыруда, бұл ретте оларға біздің түлектеріміз көмек көрсетуде, олар біздің қоғамымызды біріктіретін, соның ішінде қазақстандық отбасыларды нығайту және біздің мемлекетіміздің тұрғындарының психологиялық денсаулығын жақсарту бойынша іс-шараларды ерікті түрде өткізеді.

 

Ақпаратты ОТИ бас маманы А.О.Өмірова дайындады.

Жұмыс телефоны/факс: (87172)94-96-77. e-mail: instityt-sv@mail.ru.