2013 жылы 6 ақпанда Астана қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу институтының жанындағы«Ата-аналарға арналған педагогикалық білімдер университеті» ата-аналарға арналған «Отбасылық тәрбиенің стилдері және оның тұлға дамуына ықпалы» тақырыбындағы кезекті тренинг өткізді. Тренинге Астана қаласының №12 балалар бақшасы тәрбиеленушілерінің ата-аналары және №13 орта мектеп оқушыларының ата-аналары шақырылды. Сабақты институт түлектері, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер №10 мектеп-гимназиясының психологыБексұлтанова Зәбира Серікқызы, №25 орта мектептің әлеуметтік педагогы Қалиева Назгүл Сәбитқызы өткізді.

Психолог Назгүл Сәбитқызытренингті қызықты «Тостаған» жаттығуынын бастады. Жаттығудың міндеті – ата-аналар «Сіз өз балаңыздың қандай болғанын қалар едіңіз? Оның мінез-құлқында қандай қасиеттер болу керек? Оның бойында қандай қасиеттер болғанын қалар едіңіз?»,-деген сияқтыдайындалған сұрақтардың жауабын түрлі-түсті стикерлерге жазып, баланың жанын бейнелейтін тостағанға өз балаларының жарқын қасиеттерімен толтыру керек еді. Бұл жаттығуды ата-аналар жылдам және нәтижелі орындады. Жаттығуды аяқтағаннан кейін, тостаған іші қызылды-жасылды, түрлі-түсті суретке толып, баланың сезімтал, әсемдікке құмар, әсершіл жанын бейнеледі!!!

Әрине, әр ата-ана өз баласының жан-жақты, үйлесімді дамыған, болашаққа нық қадам басып келе жатқан тұлға ретінде көргісі келетіні сөзсіз. Бала өмінін бақытты ету - әр ата-ананың міндеті, оның қалыптасу негізі отбасы мен отбасылық тәрбиеде жатыр. Ата-аналардың күнделікті отбасылық тәрбие мен оның тұлғаның дамуына ықпалы туралы мәселені түсінулеріне психолог Зәбира Серікқызы көмектесті.

Ата-аналардың пікірінше, бұл тренингтің айрықша және ең қызықты сәті – диагностика болды, оның барысында тренингке қатысқан ата-аналар өз отбасыларында қандай тәрбие стилін ұстанатындықтарын анықтады. Біреулер үшін бұл – инсайд болса, ал басқалары болса өздерінің барлығын дұрыс істеп жатқандарына тағы да көздерін жеткізді!!!

 

«Алақан» ойыны эмоционалдық шиеленісті шешіп, қатысушыларды жақындастыруға көмектесті. Ойын тапсырмасы бойынша ата-аналар жылу мен қамқорлықты сезіну үшін, бір-бірімен алақандарын тигізулері керек еді.

«Балалар үшін жанасу, ересектердің өзіне деген көңілін, мейірімін сезіну өте маңызды. Бір адамның алақаны, басқа бір адамның алақанына тиген сәтте, екі адамның байланысы өтеді; олардың арасында үшінші адамға жол жоқ, ешкімде ата-ана мен бала арасындағы байланысқа араласа алмайды, екінші ата-ана да, әжесі де, атасы да, басқа балалар да...». Психологтар ата-аналардың осы жаттығуды үйде өз отбасы мүшелерімен қайталауларын сұрады.

 

Тренингті өткізу үдерісінде ата-аналар бала тәрбиесі бойынша көптеген тамаша ұсыныстарға қол жеткізді, психологтар болса ата-аналардың сауалдарына жауап берді.

Кері байланыс барысында ата-аналар жапырақ форматында жасалған сауалнамаларға тренинг барысында өздерінің бастан кешкен сезімдері, ой-пікірлері мен тілектерін жазып қалдырды. Ата-аналар жапырақтарды бұтақтарға жапсырып, жапырақсыз ағашты, тамаша тәжі бар әдемі ағашқа айналдырды. Бұдан соң ата-аналар тренинг өткізушілерге өздерінің жүректен шыққан алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Жалпы алғанда сабақ өте қызықты, табысты өтті, тренингтің барлық мақсаты орындалды! Тренингтің басынан бастап, аяғына дейінгі атмосфера тыныш және сенімді болды күйде болды, ата-аналалар бастапқыдан-ақ кездесуге оң көзқараста болып, жаңа білімдерді ынта-жігерлерімен меңгерді!

 

Ақпаратты ОТИ бас маманы Е.А.Фуст дайындады.