Отбасылық тәрбиелеу институты «Біз өмір сүргіміз келетін болашақ!» атты әдістемелік-әлеуметтік күнді өткізуге қатысты.

2013 жылы 7 ақпанда Ақмола облысы Аршалы ауданы Вячеславка орта мектебінің оқушылары мен қызметкерлері мектеп директоры Немцан Татьяна Николаевна қонақтарды қабылдады. Қонақтардың ішінде Ақмола облысы Аршалы ауданы орта мектептерінің психологтары, әлеуметтік қызметкерлері, дене шынықтару пәнінің мұғалімдері болды.

Біз өмір сүргіміз келетін болашақ!» атты әдістемелік-әлеуметтік күнді өткізудің мақсаты: Вячеславка мектебінің және оның басшылығының оқушылардың бойында салауатты өмір салтын, экологиялық тәрбиені қалыптастыру; отбасы мен мектептің әлеуметтік өзара әрекеттестігін дамыту және нығайту салаларындағы тәжірибесін көрсету; балалар мен ата-аналарды жақындастыруға арналған жаңа ойындық әдістемелерді пайдалану арқылы шеберлік сыныптарын өткізу, мектеп жүзеге асырып жатқан жаңа гранттық жобалармен таныстыру болды.

Біз өмір сүргіміз келетін болашақ!» атты әдістемелік-әлеуметтік күннің жұмысына БҰҰ өкілдері және Отбасылық тәрбиелеу институтының қызметкерлері қатысты.

   

Күннің бағдарламасы аса қызықты болды және шақырылғандарды Вячеславка кентінің ата-аналар жұртшылығы, аудан мектептерінің педагогтары, психологтары қатысқан, математика, биология, дене шынықтыру пәндері бойынша ашық сабақтарға, ойындарға, шеберлік сыныптарына, көрмелерге, үйірмелерге, сабақтарға, КТК сияқты іс-шараларға қатыстыру көзделді. Бүкіл жұмыс уақытының ішінде мектепте өз балаларының сабақтарына қатысқан, балалардың білім алу үдерісіне қатысуын бақылаған ата-аналарды көру тамаша еді. Ата-аналар шеберлік үйірмелерін де жүргізді және бірлескен ойындарға да қатысты.

Мәселен, аса қызықты және еліктіруші «Отбасылық экипаждың бағыты» әлеуметтік-экономикалық ойыны ұжымды жақындастырды.

Мектеп психологы «Мамандық таңдау жолы табылды!» ашық сабағында жоғары сынып оқушыларына ашық әңгіме өткізді, сабақтың нәтижесі бойынша, оқушылар үшін аса маңызды – мамандық таңдау мәселесінде мектептің, оқушы ата-анасымен қалай табысты өзара әрекеттесуге болатындығын анықтай алды.

Бұрын мектепте өткізілген салауатты өмір салтын сақтау сақтау (сапалы ауыз су бойынша экологиялық жобалар, электр қуатын үнемдеу, сондай-ақ үнемдейтін технологияны және т.б қолдану.) бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарына жоғары сынып оқушыларының қатысуы, олардың кезінде өздері тани білген мамандықты саналы түрде таңдайтындықтарын айқын көрсетті. Осы бағыттарда көптеген жылдар бойы жұмыс жасай отырып, мектеп өз оқушыларының бойында мамандық таңдауға деген дұрыс және зерделенген тәсілді қалыптастырған. 10 сынып оқушыларымен кездесудің нәтижесі бойынша, біз оныншы сынып оқушылары үшін мамандық таңдау келесідегідей екенін байқадық: олардың көбі дәрігер, эколог, тарих пәнінің мұғалімі, геодезист, фармацевт, зерттеуші, флорист мамандықтарын таңдаған. Балалардың армандарын ата-аналарының да қолдайтыны қуанышты жайт. Бастысы - балалар ата-аналарының ақылын тыңдай отырып, өз пікірлері мен арман-тілектерін өз отбасыларымен талқылайтындығында болып отыр. Бұл жерде мамандық таңдау мәселесінде балалардың ата-аналарымен кеңесіп, бірақ таңдау құқығына өзі ие болатындығы маңызды.

Дене шынықтыру сабақтарына қатысқан кезде, біз сабақта педагог пайдаланатын спорттық құрал-жарақтардың жеткілікті екенін байқадық. Вячеславка мектебіндегідей мөлшердегі спорттық құрал-жарақтар, тіпті Аршалы ауданының орта мектептерінде де жоқтың қасы деуге болады.

Бұл туралы бізге кездесуге қатысқан ауыл мектептерінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері айтты, олар сабақтарда пайдаланылатын денсаулық үшін пайдалы энергия қуатын үнемдейтін технологияларға айрықша назар аударды, атап айтқанда, рефлексотерапияға арналған құрылғыны пайдалану, бұл құрылғыны сабақтарда жүйелі түрде пайдалану, оқушылардың жалпақ табандықтарын емдейді. Оларда балалардың денсаулығын сақтау және балалардың арасында жиі кездесетін жалпақ табандықты төмендету мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін, осындай құрылғыны өз мектептерінде де болуды қалайтындықтарын білдірді.Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, жалпақ табандықтың қазір көптеген ұлдарда кездесетіндігін, ал бұл болса олардың болашақта әскер қатарында қызмет етулеріне кедергі келтіретіндігіне басты назар аударды. Дене шынықтыру сабақтарында осы жабдықты қолдану көмегімен, бұл проблеманы шешуге болар еді. Сондықтан да мұндай құрылғыларды сатып алуға қаражат бөлініп, барлық ауыл мектептеріне жіберілуі үшін, ҚБ Білім және ғылым министрлігіне өтініш жіберілді.

Орта мектепте 130 оқушы оқиды. Сабақтан кейін олардың жартысынан көбі, түстен кейін жұмыс істейтін, өз қызығушылықтары бойынша танымдық және үйрету үйірмелеріне қатысады. Біз кеме, ұшақ жасап жатқан әр түрлі жас мөлшеріндегі балаларды көрдік. Әсіресе мұндай шығармашылық жұмысты оқушыларға көптеген жылдар бойы үйретіп келе жатқан, тәжірибелі ұстаздың өз жұмысына деген сүйіспеншілігі бізді қатты қуантты, ол өзінің бірнеше ұрпақтағы тәрбиеленушілері жасаған жұмыстарды, үлгілерді сақтап келеді. Мәселен, осы педагогқа өзінің ұлын алып келген әке, стендте өзінің осыдан 20 жыл бұрын жаскған жұмысын көріп таңғалаған оқиғалар болған екен.

«Кезінде өзім де айналысқанмын, енді міне балам да конструкция жасап, үлгілер жасауға үйренсін. Бұл өте қызықты және өмірде міндетті түрде керек болады! Іспен айналасады және шығармашылық жағынан да дамиды».

Бұл жерде үлгілер жасаумен қатар, қазіргі уақытта, жақын маңдағы су қоймасы бар, ауылдың көрінісін жасау жұмысы жүргізіліп жатыр, бұл жұмыстың аса қызықты болатын түрі бар. Сабаққа балаларды тарту және қандай проблемаларыңыз бар?,- деген сауалға, педагог: «Аздаған проблема бар, материал жетіспейді, үлгілер жасаудың негізі болып табылатын, конструкторлар сатып алуға қаражат жоқ»,-деп жауап берді.

Күннің қорытынды іс-шарасы дөңгелек үстел болды, оның барысында Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры Л.Н..Набитовская институт, оның құрылу мақсаттары, 2 жыл ішіндегі жүргізген қызметі және даму келешегі туралы тұсаукесер жасады. Любовь Николаевна өз жұмысында отбасылық тәрбиелеудің өңірлік орталықтары және мектептері арқылы, ата-аналарды отбасылық тәрбиелеу бойынша кең ауқымды сауаттандыруды ұйымдастыру және жүргізуге айрықша көңіл бөлді.

Тренинг барысында кәсіби мамандардың ата-аналарға отбасылық педогогика мен психология саласындағы беретін білімдері, олардың жаңа ұрпақты түсінулеріне, әлеуметтік ортада қалай дұрыс бейімделуге болатындығын балаларына үйретуге, балаларды психологиялық және рухани дайындауға, яғни, болашаққа кәсіби білімнің тамаша негізімен нық қадам басып, өмірде кездесетін кез келген мәселені шеше білуге үйретуге көмектеседі.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында, шақырылған қонақтар, 2015 жылғыдан кейінгі кезеңге арналған тұрақты дамудың ғаламдық бағдарламасы бойынша, БҰҰ қызметкерлері өткізген Біз өмір сүргіміз келетін болашақ!» атты ұлттық кеңестің қатысушыларына айналды.

Аршалы ауданының педагогтары әлеуметтік тұрғыдағы бірқатар мәселелерді қозғады: ҚР білім беру үдерісін әрі қарай жетілдіру; ауылдағы денсаулық сақтау және мәдени демалыс; сапалы ауыз су және энергиямен қамтамасыз ету; ауыл мектептерін керек-жарақтармен және жабдықтармен жарақтандыру; ауылдағы интернат жұмысын жақсарту; әр мектептің штаттық кестесіне отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші бірлігін енгізу және т.б.

Біз өмір сүргіміз келетін болашақ!» атты әдістемелік-әлеуметтік күннің уақыты көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті! Тәжірибе алмасу және жинақталған тәжірибені беру - әрдайым игілікті іс! Өңірлерді аралау, біздің институтымыздың қызметкерлері үшін қажет жұмыс болып табылады, өйткені отбасымен жұмыс істеу, әр түрлі деңгейлерде болу керек.

Ауылдың ата-анасының болсын, қаланың ата-анасының болсын, мақсаттары біреу, ол - өз балаларын лайықты азамат етіп тәрбиелеу!!! Ал отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психологиялық-педагогикалық кеңестер барлық жерге бірдей қажет, отбасында баланы дұрыс тәрбиелеу мәселесі, қай ата-ананы болсын толғандырады емес пе!?

Отбасылық педагогика және психология білімі, әрдайым тәрбиелеудегі дұрыс жолды таңдай білуге көмектеседі!!! Бұл ретте, жақын болашақта ауыл ата-аналарының отбасылық тәрбиелеу жөніндегі кеңестерді біздің институтымыздың өңірлік филиалдары – Отбасылық тәрбиелеу орталықтарынан алу мүмкіндігі пайда болады!

 Л.Набитовская