2013 жылы 8 ақпанда №20 мектеп әкімшілігі Отбасылық тәрбиелеу институты қызметкерлерін Қазақстан Республикасының барлық жалпы білім беру мекемелеріне енгізілген өзін-өзі тану пәні және сабақтары арқылы өзіне-өзі Жол ашқан Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай өткізілген «Махаббат туралы.... ата-ана махаббаты туралы аздап әңгімелесейік» атты ата-аналар жиналысына шақырды.

Жиналыс тренинг түрінде өткізілді. Оған 30 ата-ана қатысты. Тренингті мектеп психологы Г. Байтілекова өткізді, оған 6 сынып оқушылары да қатысты.

Тренингтің міндеті педагог пен ұстаз арасындағы психологиялық қашықтықты қысқарту; ата-ананың баланың жас мөлшері ерекшеліктерін түсінуіне әдістемелік көмек көрсету; жасөспірімді өзі үшін және өзінің ата-анасы үшін жауапкершілікті болуға тәрбиелеу қажеттігіне ата-ананың назарын аудару.

Тренинг басында Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы А.О.Өмірова институттың қызметі туралы ақпарат айтып берді. Ол ата-аналарға «Отбасылық тәрбиелеу институтының құрылу тарихы» және «Ата-аналарға арналған Педагогикалық білімдер университеті» екі тұсаускесерін ұсынды, сондай-ақ «Отбасылық тәрбиелеу» №1 кітап, «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады» №2 кітап әдістемелік құралдарымен таныстырды.

Сосын мектеп психологы тренингке кірісті. Ата-аналармен таныстықты бастамас бұрын, «Ата-ана махабатты» тақырыбында шағын дәріс оқыды.

Оқушылар да тренинг бағдарламасына белсенді қатысты, олар өлеңдеп оқыды, жұмбақтар шешті. Сондай өлеңдердің бірі:

Барлығынан не қымбат?

Отбасы.

Ал отбасы дегеніміз не?

Бұл – отбасы және мен.

Ол кімдерсіз болмайды?

Әкесіз, анасыз және менсіз.

Ол несімен берік?

Күшті әрі зор махаббатпен,

Өйткені біз бәріміз,

Отбасымен біргеміз.

Психолог ұйымдастырған қызықты және тартымды «... алға қадам басады», «Ат қоюшылар», «Шынығу – күлу- жұмбақ», «Балалық», «Күн шуағына бөленген баламның портреті» сияқты ойындар, тренингтің барысын белсенділендіруге және балалар мен ата-аналарды бірыңғай командаларға біріктіруге мүмкіндік берді.

Ата-аналар ойыннан басқа, «Отбасылық тәрбиелеудің құпиялары» жобасын жасауға және қорғауға қатысты.

Ата-аналар жасаған шығармашылық жоба, жақсы қабылданды, өйткені олар біріншіден, көңіл-күйді көтерді, екіншіден, көрнекі мысалмен, ата-аналардың өз баласының жас мөлшерлік және жеке ерекшеліктерін түсінуге көмектесті.

Тәжірибелік сабақтардан кейін, психолог ата-аналарға осы іс-шараға алдын ала дайындық кезінде өткізілген, балаларының сауалнама нәтижелерін ұсынды. Бұл жерде ата-аналарға балаларының жауаптары үшін ойлануға тура келді. Сауалнама материалдарына талқылау жүргізген ата-аналар, «егерде оны бала күнде көретін және сезінетін болса, ата-ана махаббаты балаға анағұрлым көп бақыт сыйлайды. Ата-ананың міндеті – баласына махаббатын көрсете білуге үйрену, оны өзінің жан жылуымен жылыту. Әр бала үшін, оны жақсы көретіндігін, оның табыстарын бағалай білетіндігін, сәтсіздіктерден оны қорғап, қажет кезде оны қорғайтындығын білуі және сезінуі маңызды.

Сондықтан да ата-аналардың өз балаларымен қарым-қатынас жасау кезінде, бізден олардың қандай білімдер, дағдылар мен шеберліктер алып жатқандығын ойлайтын күн жетті..»,-деген бірыңғай пікір түйді.

№20 мектептің ата-аналарымен болған кездесу нәтижелі және ең бастысы жақсы көңіл-күйде өтті!

 

Ақпаратты дайындаған: Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы А.О.Өмірова.

тел /факс: 8 (7172) 94 96 77, e-mail: instityt-sv@mail.