2013 жылы 13 ақпанда Отбасылық тәрбиелеу институтында «Біргеміз» жас жұбайлар мектебінде «Отбасындағы жанжалдар» тақырыбында кезекті тренинг өтті. Жас жұбайлармен кездесуге №20 мектептің жоғары сынып оқушылары келді.

Кездесуде

Жұмысқа кіріспес бұрын, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші кездесудің әрбір қатысушысынан «жанжал» сөзінің анықтамасын және жанжалдық жағдайлардың туындауының ықтимал себептері туралы сұрады. Біздің өскелең ұрпақтың жанжалтану саласындағы білімдерді жақсы меңгергендіктері көрінді, олар тіпті жанжалды және жанжалдық жағдайларды жою жөніндегі бірқатар кеңестерді де білетін болып шықты, олар ұрыс, жанжал тудыратын ашушаң адамдарға қалай жоламау керектігі, туындаған жанжалдың немесе жағымсыз әңгіменің алдын алу мен жуып-шаятын мейірімді адамдармен қарым-қатынасқа қалай ұмтылу керектігі туралы айтып берді. Бірақ жастардың меңгерген бұл тұрғыдағы білімдері, жанжалдарды дұрыс және табысты шешуге және жағымсыз оқиғадан дұрыс шыға білуге жеткіліксіз. Өзіңнің эмоционалдық ашушаңдығыңды төмендету бойынша, өзіңнің «Меніңді» нығайту, өмірде туындаған жағдайларға деген өз көзқарасыңды дұрыс анықтау, аға буын ұрпақтың тәжірибесі негізінде жаңа білімдерді меңгеру бойынша күнделікті жұмыс істеу, осының барлығы жасөспірімдердің жанжалдарды шешуде барынша сауатты болуларына мүмкіндік береді.

 

Отбасылық өмір тәжірибесі аз болғанымен, өз тәжірибелерінде жанжал проблемаларына кезіккен, жас жұбайлар Жанзия Жақсыбайқызы және Сұлтан Ақсатарұлы балаларға күмәншілдерді иландыруға, естігісі және тыңдағысы келмейтіндермен қарым-қатынас жасауға көп уақыт жұмсамауларын сұрады. Басқа адамдарға, өзіңіздің бойыңызда кінә сезімін оятуға мүмкіндік бермеңіз, өзіңіздің алдыңызға жанжалды жеңуге көмектесетін мақсат қойыңыз. Олардың кейбіреулері:

«Бұл өмір мен өлім мәселесі емес, мен мұны жеңемін»; «Барлығы дұрыс болып жатыр»;«Ол мұны зиян келтіру үшін емес, өзінің тілегін қанағаттандыру үшін жасап отыр»; «Мен сабырлымын»; «Біз барлығын дұрыс шешеміз».

 

Мектепте, үйде, қоғамда орын алған жанжалдардың түрлі себептері туралы жас жұбайлардың және оқушылардың пікірлерін тыңдаған психолог Айнұр Оралбекқызы келгендерге теріс эмоцияларды жою жөніндегі ережелер ұсынды.

Теріс эмоциялар, ашулану біздің қайсымыздың болсын басымыздан өтетін жайт. Біреуге ашуланбаған, жәбірлеушісінен кегін алғысы келмеген, дөрекелік көрсетпейтін, жек көру сезімінен ада адамды көргеніңіз бар ма?

Және көбіне ең көп теріс эмоцияларды біз басқа біреу емес, өзіміздің ең жақын, ең сүйікті, өмір бойы бірге тұратын, оларсыз өміріміздің қызығы болмайтын адамдарымыз жасайтынын байқаған да боларсыз!? Иә, олар өздеріміздің әкеміз, анамыз, әйеліміз немесе күйеуіміз, туған баламыз, жақсы досымыз. Әрине бұл сізге ұнамайды, ол үшін тіпті сіз оған қатты ренжисіз де.

Бұл жерде ең маңыздысы қалыптасқан жанжалды тану абзал. Сізді ренішіңізді тудырған не нәрсе екенін анықтап, өзіңіздің көңіліңіз толмайтын нәрсені дұрыс тұжырымдай білгеніңіз жөн. Өйткені көптеген ұрыс-керістер, ұрысушылардың өздері де толық ұғынбаған себептер бойынша болады емес пе!? Бұған жол бермеу үшін, қарым-қатынас мәдениетін білген жөн, бір-біріңізге төзімді және ілтипатты бола білу керек және даулы мәселенің дұрыс шешімін таба білген дұрыс.

Америкалықәлеуметтік-психологиялық әдебиетте «Жанжал» «Кезектесіп түкіру» деген атауға ие болған. Мәселен, отбасындағы жанжалдық қарым-қатынастың пайда болуын қарастыралық. Егерде күйеуіне жұмыста бастығы үнемі айғайлай берсе, ол үйге келгеннен кейін, барлық ашуын әйелінен алады. Әйелі тізбекті әсер бойынша баласына айғайлайды. Ашуланған бала, ренжіп, итін тебеді. Нәтижесінде бір-біріне деген эмоционалдық ықпал қыза түседі. Бізді осы жағдайда бәрінен бұрын, басқа нәрсе қызықтырады. Егерде күйеуі әйеліне айғайлайтын болса, ол пәтердегі тәртіпсіздік немесе баламен дұрыс қарым-қатынасы жоқтығына және т.с.с. үшін ұрсатын болар. Ол«маған жұмыста айғайлады, енді мен өшімді сеннен алам», өзімнің эмоционалдық шиеленісімді азайтамын демейтін шығар. Ол егерде күйеуіне оның мінез-құлқының шынайы уәжін түсіндіргісі келсе, оның өткір қарсылығына ұшырайды. Күйеуі болса, өзінің наразылығы үшін нақты себептері бар екендігін айтады. Шынында да мұндай себептердің болуы да мүмкін, бірақ бұл жағдайда жанжалдың туындауына әйелі кінәлі емес, оған күйеуі себепші болды.

Күйеуінде эмоционалдық шиелініс үйінен тыс жерде пайда болды, бірақ ол оны отбасында шиеленістірді. Айтпақшы, отбасы көбіне мұндай жағдай өтетін орын болып табылады. Өкінішке орай, осының салдарынан отбасының үйлесімі бұзылады және бір-бірін түсінбеушілік пайда болып, ол ақыры жанжалдың туындауына алып келіп жатады.

Сондықтан да отбасының әр мүшесіне мұндай «дұрыс ашуға» жол бермеуге үйрену керек! Өзіңіздің жақындарыңызға қаталдық жасамаңы. Ашу-ыза ешуақытта адамның өмірін жақсартпайды, адамдарды бақытты етпейді.

Отбасындағы, жұмыстағы бір-біріне деген талап нақты, шынайы және серіктесіңді ренжітпейтіндей етіп тұжырымдау керек! Және де оны қалаулы нәрсені барынша жақындатуға тырысатындай ету керек.

 

Тренингті жалғасы ретінде болған «Отбасылық таңба және әнұран» жаттығуы қатысушыларды қатты қызықтырды. Отбасының өмірлік философиясы мен басты құндылығын бейнелейтін, өз отбасының таңбасын жасау бойынша шығармашылық жұмыс тартымды және қызықты болды. Оны аяқтағаннан кейін қатысушылар орындалған тапсырмаларымен бөлісті және суретте бейнеленген өздерінің отбасылық таңбасының нені білдіретінін әгімелеп берді және жұмысты орындау барысында өздерінің бастан кешірген эмоцияларын да айтты. Жоғары сынып оқушылары өз жұмыстарын ата-аналарына сыйлау үшін өздерімен алып кету туралы шешім қабылдады. Олар үйлерінде өткен тренинг туралы ата-аналарымен пікір алмасып, үйде отбасылық таңба сияқты маңызды, қасиетті жәдігердің болуы туралы талқылайтындықтарын айтты.

Тренингтің соңында жас жұбайлар жоғары сынып оқушыларының оқуларына табыс және ата-аналарымен және мектепте жанжалдық жағдайлардың аз болуын тіледі. Жоғары сынып оқушылары үшін кездесу, отбасылық құндылықтарды нығайту мәселесінде танымдық сабақ болды, ол некелік қарым-қатынасқа түскен, жас отбасылармен танысуға, олардың бірлескен өмірінің қызықты тарихымен танысуға мүмкіндік берді.

Кері байланыс кезінде тренингке қатысушылар, ұйымдастырушыларға жоғары сынып оқушыларын, түрлі ұрпақтағы отбасылармен осындай кездесулер ұйымдастыруларын тіледі, өйткені мұндай кездесулер отбасын құру, нығайту және сақтау мәселелеріне деген қызығушылық, біздің қазақстандық қоғам үшін әрдайым өзекті болып қала бермек.

 

Теріс эмоциялар туралы айтылғанды қорытындылай отырып, психолог келесіні еске түсірді:

Теріс эмоциялар бұл – ұялуға болатын жарамсыз қылық емес. Бұл біздің рухани өміріміздің өте маңызды бір бөлігі, бұл тек бұзуға ғана алып келмейді, сонымен қатар жасап шығаруға да алып келеді. Жаратушы үшін өзінің білмегендігі, дарынының аздығы үшін ашулану жасампаздық емес пе? Көбіне өмірдегі бұл қасиеттерге деген көп қажеттілікті ұғыну, өзіңнің жетілдірілмегендігіңді жеңу бойынша бұдан әрі қарайғы жұмыстағы тетікке айналады ғой.

Егерде біз әрдайым өзімізге, жақындарымызға және жалпы айналамыздағы әлемге көңіліміз толатын болса, біз өзіміз өмір сүріп отырған әлемді өзгертуге тырысаған болар едік. Яғни, адам қызметінің түрлі салаларыда ұлы жаңалықтар да аз болған болар еді. Адамның жетілуі де болмаған болар еді.

Отбасылық тәрбиелеу институты №20 мектеп директорының орынбасары, мектептің тәрбиелік жұмысы жөніндегі меңгерушісі Құзырова Бағира Балтабекқызына отбасылық тәрбиелеу бойынша тренингтерге ата-аналар мен мектеп оқушыларын тартқаны үшін алғыс айтады.

 

Отбасылық тәрбиелеу институты