Отбасылық тәрбиелеу институты Қазақстан Республикасындағы отбасын нығайту және отбасылық тәрбиелеу бойынша өзінің келешектегі жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастыруда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, еліміздегі педагогикалық мамандардың біліктіліктерін көтеру бойынша жобаларды табысты орындай отырып, институт қазіргі күнгі қазақстандық қоғамға, сондай-ақ ата-аналар жұртшылығына, балаларға, жасөспірімдерге және жастарға аса қажет, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілерді «Бақытты отбасы» авторлық бағдарламасы (профессор С.Л.Евдокимованың) бойынша оқытады.

Бұл саладағы педагогтардың біліктілігін көтеру, әрбір білім беру мекемесінде балалармен және ата-аналармен жұмыс істеу үшін жаңа заманауи білімдерді, әдістемелерді меңгерген, кеңес беру барысында қажетті кәсіби психологиялық қолдау мен көмек көрсете алатын білікті мамандар, атап айтқанда психологтары бар мектептің психологиялық қызметтер болуы керек.

 

Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі ата-аналар жұртшылығымен, білім беруді модернизациялау жағдайындағы, отбасылық тәрбиелеудің және ата-аналар үлгісінің рөлін нығайту бойынша жұмыстар Отбасылық тәрбиелеу институтытының филиалдары – отбасылық тәрбиелеу орталықтарында жүргізілетін болады.

Бұл біздің институтымыздың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қолдайтын және бірнеше кезеңмен өткізілетін жобасы. Жүзеге асырудың бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасы 5 өңірінде Отбасылық тәрбиелеу орталықтары ашылды.

2013 жылы 20 ақпанда Астанада «Отбасы мәртебесін нығайту, ата-аналардың отбасылық тәрбиелеу және педагогикалық мәдениеті бойынша функционалдық сауаттылықтарын арттырудағы, Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының рөлі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Онда Ақмола облысында (Көкшетау қаласында, Вячеславка кентінде), Павлодар облысында (Екібастұз қаласында), Қарағанда облысында (Қарағанды қаласында), Оңтүстік Қазақстан облысында (Шымкент қаласында) және Астанада орталықтар ашу туралы шешім қабылданды.

Сол күні Отбасылық тәрбиелеу институты осы лауазымға таңдаған, «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші» мамандығын меңгерген, біздің ең жақсы түлектеріміз болып табылатын, Орталық директорларымен ұйымдастырушылық жиналыс өткізілді.

Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының осы кезеңдегі негізгі мақсаты – отандық тәрбиелеудің сапасын арттыру, отбасы мен мектептің ынтымақтастығын жетілдіру, Қазақстан Республикасының өңірлерінде отбасылық тәрбиенің құндылықтары мен дәстүрлерін жаңғырту үшін, мемлекеттік-қоғамдық басқаруды дамытуда жүйе жасау болып табылады.

Сонымен қатар, Отбасылық тәрбиелеу орталықтарын құру бұл – өңірлердің білім беру басқармаларының, отбасындағы және қоғамдағы үйлесімді қатынастарды сақтау, дағдарыстық жағдайларды шешу, әлеуметтену үдерісіндегі тұлғаның позитивтік дамуындағы өмірлік дағдыларды қалыптастыру үшін тәжірибелік көмек көрсету бойынша білім беру мекемелерінде құрылған психологиялық қызметтердің жұмысын қолдау.

Бұл міндеттерді Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының қайсы болмасын шешеді. Нәтижесінде ата-аналардың педагогикалық мәдениеті артады, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас жақсарады, мүдделердің ортақтығы үшін жағдай қалыптасады. Еліміздегі Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының саны күннен-күнге артып келе жатқанын атап өткен жөн. Орталықтар қызметтерінің жүйелілігін жасау, Отбасылық тәрбиелеу, отбасылық педагогика және психология бойынша функционалдық сауаттылықтарын арттыруға қатысты ата-аналар жұртшылығына кең ауқымды насихаттау мақсатында, Орталықтардың әрекет ету үдерісінде жинақталған тәжірибе жинақталады және өңірлерге таратылатын болады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар отырыста өз тұсаукесерлерін көрсетті, онда олар ұжымдастарымен Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының қызметтерінің мақсаттары мен міндеттері, алдағы жобалары мен бағдарламалары және бағыттары туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Екібастұз қаласындағы «Қайнар» Оқушылар сарайы мен «Екібастұз» балалар қоры (директоры Клепица Валентина Николаевна, психолог Cакара Алена Юрьевна) ата-аналар жұртшылығымен өткізген, отбасы мен отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды нығайту, ата-аналарды әлеуметтік-маңызды жобаларды және бағдарламаларды жүзеге асыруға тарту, олардың шеберліктері мен білімдерін балаларға беру бойынша жұмыстың тұсаукесері отырысқа қатысушыларға тамаша әсер сыйлады.

Тұсаукесер осы өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қаланың қоғамдық ұйымдарының, білім беру мекемелерімен өзара байланысы бойынша тәжірибе алмасу болғанын да атап кеткен жөн.

Вячеславка орта мектебінің (Ақмола облысы) ата-аналар комитеті туралы мектеп директоры Немцан Татьяна Николаевна мен мектеп директорының орынбасары Молешова Елена Анатольевнаның тұсаускересі де өте қызықты болды, олар отбасының және мектептің өзара ынтымақтастығының жолын ашты.

Тұсаускесерді тыңдағаннан кейін, бұл өңірлерде, қалада болсын, ауылдық деңгейде болсын, ата-аналар мен мектеп арасындағы байланыстарды және өзара ынтымақтастықты кеңейту бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқандығын байқадық. Қаладағы да және ауылдағы да ата-аналар жұртшылығымен өткізілген жұмысты салыстырған кезде, ата-аналардың мектеппен және мектептің ата-аналармен өзара байланысы нақты байқалды. Ал алға қойылған мақсатты жүзеге асырудағы табысты, тамаша жұмыс істеуге тырысатын және өзің өмір сүріп отырған және тәрбиелеп отырған және өзің тәрбиеленетін қоғамның гүлденуі үшін қажетті, жаңа, қызықты нәрселерді іздей отырып, үнемі жетілетін сауатты басшы жүзеге асырады!

Сауатты, жоғары кәсіби білікті және шебер таңдалған педагогикалық мамандар, әр баланың дамуы мен тұлғалық өсу игілігі және әр ата-ананың отбасындағы тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістерін жетілдіру үшін, ең күрделі бағдарламалық міндеттерді, соның ішінде ата-аналар жұртшылығын бірлескен психологиялық-педагогикалық қызметке кең ауқымды тарту міндетін де шешуге қабілетті.

Орталықтардың құрылымдық және жүйелі дамулары туралы өз жобаларын Отбасылық тәрбиелеу директорлары – Сәрсекеева Юлия Ивановна (Көкшетау,) Күленова Салтанат Жұмабайқызы (Қарағанды), Калатур Людмила Сергеевна (Шымкент), Өмірова Айнұр Оралбекқызы (Астана) ұсынды.

Дөңгелек үстел барысындағы директорлардың жұмыстары шығармашылықты болды, «Менің өңірімдегі Отбасылық тәрбиелеу орталығы. Мен оның қандай болғандығын қалаймын?» тақырыбы бойынша коллаж жасау белсенді түрде және эмоционалды өтті. Нәтиже орындалу техникасынан-ақ көрінді, әрине орталық қызметтерінің бағыттарындағы басымдылықтарды анықтау бойынша ерекшеліктер болды. Осы жаттығуды талқылағаннан кейін, жергілікті жерлердегі орталық қызметтерінің негізгі бағыттары қалыптастырылды.

Лауазымдарға ие болып, ұсыныстар, бұйрықтар және әдістемелік әдебиеттер алған Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының директорлары, барша қазақстандық қоғам үшін қызықты және маңызды жұмысты – ата-аналардың педагогикалық сауаттылықтары мен мәдениеттерін көтеру бойынша жұмысты бастау үшін өз өңірлеріне аттанып кетті. Олар бұл жұмысты біріншіден, Отбасылық тәрбиелеу мектептеріндегі ата-аналарды сауаттандыру – семинарлар-тренингтер арқылы жүргізетін болса, екіншіден, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психологиялық-педагогикалық кеңестер өткізу арқылы жүргізетін болады.

Еліміздің өңірлерінде алға қойылған міндеттерді орындауда үлгілі Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының қызмет етуі үшін жағдай жасау үшін, Отбасылық тәрбиелеу институты, тұрғындарға және балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы мәселесіндегі жанжалдық жағдайларды төмендету бойынша психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін, тәжірибелік жұмысты ұйымдастыруды жеделдету мақсатында, Қазақстан Республикасының 5 өңірінің Білім беру басқармаларының басшыларына өңірлердің орталықтарынан орын бөлу өтінішімен жүгінді.

Бұл мәселені жедел шешу, психологтардың кәсіби кеңес беруге және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге кірісулеріне мүмкіндік береді!

 

Л. Набитовская, институт директоры