Біздің еліміздегі соңғы жылдардағы әлеуметтік-саяси және экономикалық қайта құрулар үдерісі, қоғамның ең әлсіз тобы – жастарға қатты әсер етті. Өскелең ұрпақ қалыптасқан шындықты әрдайым өткір қабылдайды, өйткені тұлғалық өсудің қалыптасуы, әлемде де, сондай-ақ елде де қалыптасқан көптеген факторларға байланысты емес пе!? Бірақ, біздің көзқарасымызша, олардың ішіндегі ең негізгісі отбасының және ата-аналардың құзіреттілігінің психологиялық-педагогикалық деңгейі болып табылады. Тек отбасылық тәрбиенің өзі ғана, баланың нәтижелі әлеуметтік бейімделуін анықтайды, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, жастарды бейәлеуметтік ұстанымдарға бейімделулерінің алдын алу тармақтарын анықтайды.

Қазіргі күні қоғам алдында, бірінші кезекте, педагогтардың және ата-аналардың алдында, аддиктивтік (мұнда химиялық және компьютерлік тәуелділікті қосқанда, діни экстремизмнің қаупі) және  девианттық мінез-құлықпен (мұнда бейәлеуметтік мінез-құлықтың барлық проблемалары жатады) қатар, жасөспірімдер мен жастардың арасында тағы да бір проблема – бейқамдық (инфантализм) құбылысының  динамикасы пайда болды.

Күдікшіл жандардың бірі, міне, тағы бір нәрсені ойлап тапты, бастысы жасөспірім жанжалдаспайды, үйде отарады, тыныш деп айтуы мүмкін. Алғаш қарағанда, барлығы тыныш. Бірақ, өкінішке орай, көптеген психологтардың тәжірибелері мен зерттеулері (Қазақстанда бұл проблема бойынша маңызды зерттеулер әлі жүргізілген жоқ), жастар мен жасөспірімдердің арасында бейқамдықтың пайда болуы, болашақта халықты демографиялық дағдарысқа, жаппай әлеуметтсізденуге алып келуі ықтимал, яғни, салдары мемлекеттің дамуына ықпал етуі мүмкін.

Аталған проблеманың маңыздылығын және оның ықтимал салдарын ескере отырып, 2013 жылы 26 ақпанда Отбасылық тәрбиелеу институты «Жасөспірім: есеюдің қиындығы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Бұл кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің ауытқыған мінез-құлықтары, соның ішінде өсекелең ұрпақтың арасында әлеуметтік бейқамдық феномені мәселелерін талқылау болды. Дөңгелек үстелді Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры Л.Н.Набитовская ашты. Іс-шараның модераторы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі департамент директоры Р.М.Жұмабекова болды.

Дөңгелек үстелдің бағдарламасы, өсекелең ұрпақтың тұлғалық қалыптасуына қатысты көптеген мәселелерді қамтыды. «Жасөспірім: агрессия, аддикция – құқық бұзушылық» мәселесі бойынша құқық қорғау құрылымының өкілі,  ювенальдық полиция инспекторы атынан Г.М.Өтепова және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қызметкері, психология ғылымдарының кандидаты А.М.Айтышева сөйледі, олар келгендердің назарын кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар бойынша қалыптасқан ахуалға аударды және жоғары сынып оқушыларының өмірдің мәні туралы сауалдарына тұщымды жауаптар қайтарды.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты  Г.Т.Оразбаева өзінің «Бейқамдық, бейәлеуметтік мінез-құлықтың факторы ретінде» тақырыбындағы сөйлеген сөзінде, оның пайда болуының ықтимал себептерін түсіндірді және келушілерді осы проблеманы бірлесіп шешуге шақырды.   

Іс-шараға Астана қаласының білім беру басқармасының өкілі, әдіскер А.Н.Нұрамағанбетова, «Әкелер кеңесінің» басшысы, Астана қаласының Ата-аналар ассоциациясының мүшелері, К.Ж.Жұматаев және Г.Ж, Түсіпова белсенді қатысты, олар «Жастардың бейқамдығы, «әкелер мен балалар» проблемасының бірі» мәселесі бойынша шағын пікірталас өткізді.

Көптеген психологтардың арасында бейқамдық бұл – ауру деген пікір қалыптасқан. Осы мәселе бойынша Астана қаласының штаттан тыс бас психологы Т.И.Дегтярь өзінің болжамын айтты, ол өз баяндамасында «Жасөспірімдердің аддиктивтік мінез-құлқының психологиялық проблемалары» тақырыбын жан-жақты ашып берді.

Қызу пікірталастан кейін, фактіні дәлелдеу ретінде, келушілердің назарларына: «Бейқамдық - өркениеттің бағасы» атты тақырыптағы бейнеролик түріндегі, Астана қаласы тұрғындарының жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың; оқушы жастардың құндылықтарын анықтау бойынша сауалнаманың нәтижелері ұсынылды. Бұл материалдарды Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры  Л.Н.Набитовскаяның белсенді қолдауымен, институт қызметкерлері дайындады. Сауалнама нәтижелері, жастардың  арасында құндылықтардың құлдырауы үрдісінің орын алып отырғандығын көрсетті, атап айтқанда: қазіргі заманғы әлеуметтік мәдени ахуалдың күрделілігі, жастардың арасында компьютерлік тәуелділік, интернет-тәуелділік, нәпсіқұмарлық тәуелділік тәрізді тәуелді мінез-құлықтың жаңа түрлерінің тоқтаусыз өсуіне және дамуына сөзсіз әкеледі; жарнамалық мақсатта олардың саналарына бұрмалау жасап, пайдаланатын, осы арқылы темекінің, алкогольдің, есірткінің, компьютерлік ойындардың сатылымдарын және бос уақытты көңіл көтеретін орындарда өткізуді арттыруды көздейтін, БАҚ тарапынан балаларға және жасөспірімдерге ұдайы қысым жасауы.

Жүргізілген сауалнамаға №31,54 орта мектептердің оқушылары мен көлік және коммуникация колледжінің студенттері қатысты. Сауаламаның осы нәтижелері әдістемелік нұсқаулық түрінде ұсынылды.

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушылары үшін, көлік және коммуникация колледжі студенттерінің де, өз оқу орынының жасөспірімдері арасында осындай сауалнама  жүргізгені күтпеген жай болды, олар осы саулнаманың алынған нәтижелерін дөңгелек үстелдің қатысушыларына ұсынды. Нәтижелердің, Отбасылық тәрбиелеу институты жүргізген сауалнама нәтижелерімен ұқсастығы байқалды. Бұл деректерді студенттер өздерінің баяндамаларында атап өтті. Жастар өздерінің тұсаускесерлерінде, өздерінің жас болғандарына қарамастан, ювенальдық полицияның инспекторына өте маңызды сауалдар қойды, ал кей сәттерде Білім беру басқармасының және Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері пікірталастырды. Атап айтқанда: көлік және коммуникация колледжінің студенттері А.  Арашаныжәне С.  Мұташеваны өзін-өзі реттеу туралы сауалдар және болашақтағы тәрбиелеу мәселелері туралы сауалдар қызықтырды. Сауалдарына тұщымды жауаптар алған оқушылар, дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардан мұндай кездесулерді тікелей оқу орындарында жиі ұйымдастыруларын өтінді.

Баяндамаларды талқылау барысында, оның шешімі жасөспірімдердің арасындағы бейқамдықтың келесі аталған құбылыстарының туындауының алдын алуға көмек беретін негізгі проблемлар белгіленді, атап айтқанда:

  • Жастардың рухани құндылықтарының, соның ішінде отбасылық құндылықтардың құлдырауы байқалады;
  • Маргинализмнің және прагматизмнің дамуы назар аудартады;
  • Жастардың болашақта некеге тұрғылары және бала сүюгілері келмеуі;
  • Әлеуметтік енжарлықтың немесе болашақта өзінің жақсы күштері мен қасиеттерін жүзеге асыру мүмкіндігіне сенбеудің қалыптасу қаупі бар;
  • Оқыту және тәрбиелеу үдерісіндегі бос уақыттағы өзін-өзі анықтау кезінде дағдарыс байқалады (оқушылар қандай да болсын қызметке тартылмаған-дерлік, білім беру мекемелерінде тұлғалық өзін-өзі анықтау бойынша жұмыс әлсіз жүргізілуде);
  • «Отбасы –оқушы-педагог» жүйесінде дағдарыс бар, яғни,  мектеп пен отбасының өзара байланысты және бірыңғай жұмысы жоқ деуге дерлік.

Дөңгелек үстел екі жарым сағаттан астам уақытқы созылды, ол қызу қарым-қатынас жағдайында өтті, оның барысында жоғарыда аталған тұжырымдамалық және әдістемелік мәселелерден басқа, балалар мен жасөспірімдердің арасындағы бейқамдық мінез-құлықтың алдын алу саласындағы ұйымдастырушылық мәселелердің кең ауқымы, жас ұрпақтың бейқамдығының алдын алу жөніндегі шараларды оңтайландырудың қолданбалы мәселелері қарастырылды. Дөңгелек үстелдің қарары қабылданды, мүдделі тұлғалар үшін ұсыныстар дайындалды.

 

А. Матаева