2013 жылы 12 наурызда «Алау» қонақ үй кешенінде біздің еліміздің барлық өңірлерінен келген педагог-психологтардың біліктіліктерін көтеру курстарының 1 сессиясы аяқталды. 12 күн ішінде 210 тыңдаушылар-педагог-психологтар, әлемдік деңгейдегі психология саласында беделі бар, жоғары дәрежелі профессорлардан отбасылық педагогика және психология  бойынша білім алу мүмкіндіктеріне ие болды. Олардың әдістемелерін меңгерген біздің тыңдаушыларымыз, жаңа технологияларды өздерінің өңірлеріндегі тәжірибелік сабақтарда қолданатын болады. Бағдарламаға қатысу үшін Ресейдің және Қазақстанның философия, педагогика және психология салаларындағы белгілі ғалымдарын, бас директоры С.Л. Евдокимованың атынан шақырған, Отбасылық тәрбиелеу институты отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеруге келген әрбір педагог-психологтардың, бұл  ауқымды республикалық жобаның эмоционалдық қуатын, жаңа креативтік, авторлық тәсілдерді, отбасылық тәрбиенің технологиялары мен әдістемелерін өз бойларына сіңіретіндіктеріне сенімді.

 

Сабаққа қатысқан біздің тыңдаушыларымызды айтпағанда, өзім тамаша професорлардың сабақтарына қатыспасам да, бірақ осы жоба ахуалында болып, әкімшілік тапсырмаларды орындап, бағдарламаның жүзеге асырылу барысын бақылай отырып, профессорлармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігім болған менің де өмірге, отбасына деген өзімнің қарым-қатынасымды қайта бағаладым.

Жобаның ашылуының бірінші күнін еске алар болсақ, тыңдаушылар жолдан шаршап-шалдығып келіп, бізбен кездескен кезде, бұл жерден сапалы білім алуға бола ма?,- сұрап жатты. Бірақ сол сәттің өзінде-ақ оларды сабақтардың өтетін жері қуантты. Бұл -  бағдарламаны өткізуге толығынан жағдай жасалған, өте әдемі, жарық  «Алау» спорттық кешені болды. Кейіннен елордаға келгендеріне 5 күн толған кезде тыңдаушылармен сөйлескен сәтте, олар өздерінің пікірлермен бөлісті. Олар «Бізге бұл жерде, біз бұрын білмейтін, психологияның жаңа әлемі ашылды!!!!» деген пікірлер айтты.

Психология бұл – үздіксіз зерттей беруге болатын, қызықты ғылым. Өйткені ғылымның бірде-бірі, психология сияқты адам жанын емдей алмайды.

Оқыту үдерісінде әр тыңдаушы тек білім ғана алып қоймай, сонымен қатар, осы жобада болғандай, жаңа достар, жұмыс бойынша жаңа серіктестер табады. Екі аптаға жуық уақыт бірге болған тыңдаушылар, тек танысып ғана қоймай, сонымен қатар өз қызметтерінің тәжірибелерімен бөліседі және әріптестерінің біліктіліктерінің оң энергиясымен қуаттанады, біздің еліміз туралы, республиканың әр өңірлерінің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы көп нәрсе біледі.

Елдің әр өңірінен келген, бейтаныс адамдардың қысқаша уақыт ішінде, өздерінің тұлғааралық қарым-қатынасы мен институт қызметкерлерінің жақсы ойластырылған, ұйымдастырылған жұмысы барысында,  жекеленген ұжымның  жобада болған 12 күн ішінде үлкен және бірыңғай ұжымға айналғанын көруді бақылау тамаша еді. Осы уақыт ішінде еліміздің 16 өңірінен келген тыңдаушылар ұжымда өмір сүруге және ұйымдастырушыларды тыңдауға, дәрістерге кешікпей қатысуға үйренді, Халықаралық әйелдер күні 8 наурызға арналған мерекеге белсене қатысты. Олардың бір-біріне жақын болып кеткендіктері байқалды. Әсіресе, сессияның соңғы күні тыңдаушылардың үйлеріне қайтқылары келмей, қимай қоштасқандықтары, топтың ұйымшылдығының дәлеліндей болды.

Бірақ оларды алдағы жаңа кездесулер қатты қуантты! Бұл сессия институттың барлық тыңдаушыларын таныстырды және бірыңғай ұжымға – болашақ өз ісінің кәсіби мамандарының ұжымына, біздің еліміздегі отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілердің үлкен ұжымына біріктірді. Алда тағы да үш сессия күтіп тұр, яғни алда жаңа кездесулер бар!

2013 жылғы 1 маусымда институт тыңдаушылары отбасылық педагогиканың және психологияның  жаңа білімдерін меңгеру үшін тағы да бірге жиналатын болады!!!

 Л.Әлімжанова