2013 жылы 13 наурызда Отбасылық тәрбиелеу институты Астана қаласының №14 мектеп-гимназиясының және №15 мектеп-лицейінің ата-аналарымен өзінің кезекті тренингін өткізді.

Тренингтің тақырыбы: «Бала өміріндегі әке: оның рөлі және тәрбиесі».

 Тренингті Отбасылық тәрбиелеу институтының түлектері өткізді:

  • Гущина Татьяна Сергеевна - Астана қаласы №8 емханасының отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшісі;
  • Самылтырова Айгүл Жақаншықызы - көп салалы коллдеждің отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшісі.

Тренингтің баасында, Институт директоры – Набитовская Любовь Николаевна ата-аналарға отбасылық тәрбиелеудегі әкенің және ананың рөлдері туралы, біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттегі отбасының мәртебесін көтеру туралы, отбасындағы өзара қарым-қатынасты сақтау арқылы, ұлтты нығайтудағы отбасылық тәрбиелеудің рөлі туралы тақырыпты көтеретіндігін атап өтті.

Алғысөзден кейін, Любовь Николаевна бұл сабақты дайындаған институт түлектері- психологтарға сөз берді.

Ата-аналармен танысқан психолог Татьяна Сергеевна «Бала өміріндегі әке: оның рөлі және тәрбиесі» тақырыбының тұсауын кесті. Осыдан кейін ата-аналар «Әкесі мен қызы» фильмін тамашалады.

Бұл фильм әкелерге қатты әсер етті, өйткені фильмде бала өз әкесін үнемі күтіп, қашан болса да, оның қайтып келетіндігіне сенуші еді. Бұл фильмді талқылаған ата-аналар қорытынды жасап, келесідегідей ұсыныстар қабылдады:

  • Ата-аналар қалай өмір сүрсе де: олар бақытты некеде ме немесе айырылысқан болса да, балалар үнемі өз әкелерін күтеді;
  • Ата-аналар өз баласынан күн сайын: «Күнің қалай өтті? Жағдайың қалай? және т.с.с.» деп сұрап отыру керек екендіктерін естен шығармаулары керек. Және бала ұйықтар алдында міндетті түрде ертегі оқып беру керек немесе әңгімелесу керек, қайырлы түн тілеу керек;
  • Егерде сен балаға өмір сыйлаған болсаң, онда сен өз балаңды тәрбиелеуге және қамқорлық жасауға міндеттісің.

 

Психологтар «Сіз қандай әкесіз?» тестін пайдаланып, қатысқан әкелерді тестілеуге шешім қабылдады. Содан соң әкелерді тестің нәтижелерімен таныстырып, психологиялық ұсыныстар берді.

Аналар да сырт қалған жоқ, олар әйелімен қарым-қатынасы тамаша болса да, баласының проблемаларын шешкісі келмейтін, оның мектептегі проблемаларына бей-жай қарайтын әкенің оқиғасын сахналады.

Аналар көрсеткен сахна көрінісінен кейін, біздің әкелеріміз аналардың жұмысын қуана қабылдады. Әкелердің пікірінше, бала тәрбиесіндегі ең бастысы бұл – бірінші кезекте, отбасын құрған сәттен бастап, жұбайлық жұп арасында махаббат, қамқорлық, түсіністік, бір-біріне деген алаңдаушылық сезімі болуы керек деп санайды. Екіншіден, ата-аналар отбасындағы қарым-қатынас мәдениетінің ережелерін білуі керек, бірақ өкінішке орай, бұл туралы аз білім беріледі, аздап мектепте, аздап өмірлік тәжірибеден, достарыңнан және жұмыстағы әріптестеріңнен үйренесің. Бірақ бұл жеткіліксіз! Міне осыған отбасылық тәрбиелеу институтының тренигтерінде үйрену керек.

Ата-аналарға өткізілген сабақ қызықты және сенімді ахуалда өткізілді және біздің ойымызша, танымдық сабақ болды, өйткені психологтар зерттелетін тақырыпқа арналған бірқатар қызықты психологиялық жаттығулар өткізді. Бір жарым сағаттық жұмыс барысында шағын дәріс оқылды, бейнефильм көрсетілді, психологиялық-педагогикалық оқиға ойналды және ең бастысы ата-аналар шаршаған жоқ. Тренингтің соңында психологтар шаршағанды мезетте басатын, «Австралиялық жаңбыр» атты тағы да жаттығу өткізді.

Әдеттегідей, тренингтен кейін ата-аналар жүргізілген іс-шара туралы түйіндеген ой-пікірлерін «Пікрлер кітабына» жазып қалдырды.

Мәселен, әке - Голованов Виталий былай деп жазыпты:

«Мен бүгін Отбасылық тәрбиелеу институтының бар екендігін және оның немен айналысатындығын бірінші рет білдім. Менің пікірімше, бұл өте маңызды іс, оны міндетті түрде жалғастыру керек және оны барынша насихаттаған жөн. Көп тілектер тілегім келеді, бірақ өкінішке орай, барлығын жаза алмассың. Табыстарға жете беріңіздер!».

Тренингтің ақтық бөлігінде психолог Айгүл Жақаншықызы белсенді ата-аналарға, Отбасылық тәрбиелеу институты атынан, ынталандыру сыйлықтары мен «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады!» ұсыныстарын сыйға тартты.

 

 А.О.Өмірова, Астана қаласы

Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры