Отбасылық тәрбиелеу институтыөзінің міндеттемелерін табысты орындай отырып,жыл сайын қалалық басқармаларымен, қоғамдық ұйымдармен, бірлестіктермен өзара әрекеттестік Меморандумдарын жасауды көбейтіп келе жатыр. Мәселен: 2011 жылдың желтоқсанынан бастап біздің Институт Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаментімен жұмыс істейді.

2013 жылғы 17 мамырда институт өзара әрекеттестік және ынтымақтастық туралы тағы да екі Меморандумғақол қойды. Бұлар – «Нұр Отан» Халық Демократиялық партиясының Астана қалалық филиалы мен«Астана қаласының Жеке меншік балалар мекемелерінің ассоциациясы».

Құжаттар отбасы институтын нығайту саласындағы іс-шараларды жүргізуге бірлескен ықпалдастықты және тараптардың атсалысуын, рухани-өнегелік тәрбиелеудің, отбасылық сауаттандырудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың, салауатты отбасы құруға және сақтауға бағдарланған,жастардың бойында өмірлік құндылықтарды қалыптастырудың өзекті мәселелері бойынша сараптамалық және кеңес берушілік көмектер көрсетуді, пікірлер мен ақпараттар алмасауды көздейді.

  

Л. Набитовская