2013 жылғы 22-23 мамырда Отбасылық тәрбиелеу институты Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласындағы «КӨРМЕ» көрмелік кешенінде өткізілген, «KAZTRAINING&CONSULTING-2013» КӨРМЕ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ жұмысына қатысты.

Көрмеге берілген екі күн ішінде, институт қызметкерлері қатысушылармен және қонақтармен белсенді ақпараттық жұмыс жүргізді, институт жобаларының және бағдарламаларының тұсаукесерлерін жасады, қысқа мерзімді білім беру нарығында институт жүргізіп жатқан қызметттер, отбасылық педагогика мен психология саласындағы кәсіби біліктілікті көтеру жөніндегі «Бақытты отбасы» авторлық бағдарламасын жүзеге асыру туралы, отбасылық құндылықтарды жаңғырту және отбасы институтын сақтау бойынша ата-аналар жұртшылығымен ағартушылық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу  жөнінде айтты.

Мың шақырымдық жол, алғашқы қадамнан басталады. «KazTraining&Consulting-2013» ІІ Халықаралық Көрме-Конференциясына қатысу үшін Отбасылық тәрбиелеу институты алғашқы қадам  жасады.

Компаниялардың өкілдері, жетекшілер, спикерлер, тыңдаушылар үшін ұйымдастырушылар ұсынған диалог алаңы, институтты Қазақстанның қызметтер нарығындағы жаңа бет-бейне ретінде ұсынуға, институт қызметіне қызығатын адамдармен өз білімдерін, тәжірибесін бөлісуге, жаңа нәрсе үйренуге, пікірлестер табуға мүмкіндік берді.

Көрме-конференцияның жұмысына Ресейдің, Украинаның, Белоруссияның әртүрлі халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты.

23 мамырда «Дюшес» конференц-залында институт қызметкерлері «Қазақстан қоғамында отбасы институтын нығайту – Қазақстан Республикасының өркендеуіне апаратын жол» тақырыбы бойынша шеберлік-сыныбын өткізді, оған трениг қатысушылары «Махаббат - барлық адамзаттық құндылықтардың негізі ретінде» мәселесін қарастыра алды, ғасыр проблемасы – жасөспірімдердің әлеуметтік бейқамдығын және отбасылық тәрбиелеудің айрықша маңызды тарауы – бала-ата қатынастарын құру, ата-аналардың, балаларымен тиімді қатынасын қарастыруға тоқталды.

Тренингте С.Л.Евдокимованың, педагогтардың, психологтардың, сондай-ақ ата-аналардың күнделікті жұмыстары үшін ұсынылған отбасылық тәрбиелеу жөніндегі авторлық кітабының тұсаукесері болды.

Тренингтің белсенді қатысушылары осы тамаша кітаппен марапатталды, ал осы әдебиетті сатып алғысы келгендердің барлығы, оны көрмеден сатып ала алды.

 

Л. Набитовская