22 мамырда Астана қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу институтында Халықаралық Отбасы күні мен Балаларды қорғау күніне арналған, бірнеше ұрпақтағы бақытты қазақстандық отбасылардың кездесуі өтті. Мерекеге өмірдің әртүрлі кезеңдерін – 53, 20, 10, 5 жыл тату-тәтті бірге өмір сүрген, өдерінің балалары мен немерелерін тәрбиелеп отырған, біздің еліміздің көптеген отбасыларына үлгі-өнеге болған, отбасылар қатысты.   

Бұл – Жүнісовтардың. Айтжановтардың, Сәмпиевтердің, Лапиндердің көп ұлтты қазақстандық отбасылары.

Кездесуді Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры  Набитовская Любовь Николаевна ашты.

Мерекеге қалалық АХАЖ бастығы Сағындыкова Гүлнара Төлеуханқызы және «Нұр Отан» ХДП өкілі Полоротова Ирина Александровна қатысты. Құттықтау сөздерінде олар,жастарға және студенттерге, бастапқыда оны бірлескен бақытты отбасылық өмірдің тәжірибесі бар, отбасылардың үлгі-өнегесін негізге ала отырып құрып,  жарқын, көп қырлы, қызықты және толыққанды өмір сүруге ақжол тіледі.

Мерекеге дайындала отырып, Астана қаласының «Біргеміз» Жас жұбайлар мектебіндегі отбасылық тәрбиелеу бойынша тренингке келген 13 жас жұбайлардың  фотосуреттерінен көрме безендірілді.

 

Кездесуге тек отбасылар ғана емес, сонымен қатар «Лингва» колледжінің студенттері, сондай-ақ «Бақытты отбасы» фотоальбомдарының жеңімпаздары – Қазақ-Түрік лицейінің оқушысы Мұқатаев Жандос, №53 мектептің оқушысы Өміров Дамир, №18 мектептің оқушысы Машрапова Айдана қатысты.  Олар кездесуге қатысушылардың алдында марапат қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шақырылған отбасылар өздерінің отбасылық одақтарын құру тарихы туралы, әр отбасының құндылықтары мен дәстүрлері туралы қызықты әңгімелеп берді, жас жұбайларға және студенттерге бақытты отбасылық қатынастарды қалай құруға болатындығы, өз балаларыңның бойына, өз халқының шығармашылығын қалай сіңдіруге болатыны туралы  ұсыныстар айтты және балаларымен қосылып, шеберлік сыныптарын өткізді: олар ән айтты, ертегілерді сахналады, өлеңдер оқыды, өз отбасыларының слайдтарын-тұсаукесерлерін көрсетті.

Мерекеге Лапиндер отбасы да қатысты. Бұл – көп балалы  отбасы. Бабалары, ата-аналарымен бірге қатысушыларды «Үйшік» ертегілер әлеміне шақырды. Осы көрініс арқылы олар, өзара қарым-қатынасты қалайша дұрыс орнатуға болатындығын және бір үйде бақытты және тату отбасында қалай өмір сүруге болатынын, ал ең бастысы – қалыптасқан кез келген қиыншылыққа қарамастан, қуанышта да, қайғыда да бірге, бір-бірін жақсы көріп, көмектесу керек екендігін көрсетіп берді.

Барлық қонақтарға осы ертегінің кейіпкерлері де, олардың ата-аналары өз қолдарымен тіккен костюмдері ұнады.

 

Мұқатаевтар  және Машраповтар отбасыларының талантты балалары жиналғандардың алдында өз өнерлерін көрсетті. Мұқатаев Жандос дмбырада күй тартса, Машрапова Айдана біздің сүйікті отанымыз Қазақстан туралы ән шырқап берді.

Жүргізушінің өтініші бойынша,  жас жұбайлар, Жарболовтар отбасы өздерінің «Отбасының таңбасын» салды. Бұл үлкен шаңырақ, онда міндетті түрде үш бала болады!!!

Кездесуге қатысқан ең жас ұрпақта назардан тыс қалған жоқ, олар мерекеге өздерінің бағасын берді және кездесу барысында қандай жаңа нәрсе естіп, «Бақытты отбасы» түсінігінің мәнін қалай ұққандары туралы айтып берді.

 

Мерекеге 24 каналдың журналистері де қатысты. Олар қазақстандық отбасылардағы ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың сақталуы мәселесі, отбасыларда балалардың ғана емес, сонымен қатар олардың ата-аналарының да өзіндік білімін дамыту бойынша қандай жұмыс жүргізуге болатыны туралы Сәмпиевтер отбасынан сұхбат алды.

Мереке өзінің жүргізілу формасы бойынша қызықты ғана болып қоймай, сонымен қатар ол тәрбиелік сипатта да болды.Мұны  ата-аналардың пікірлері растайды:

Жүнісовтер отбасы:

Жастарға отбасындағы татулықты қалай сақтау керек, дағдарыстан қалай шығу керек, отбасында бала тәрбиелеу барысында бір-біріне қалай көмектесу керек, жайлы өзара қарым-қатынастарды және өзара түсіністікті құру туралы айту үшін, мұндай іс-шараларды жиі жүргізу керек, сонда елдегі ажырасулар саны кемиді.

Отбасын нығайту жөніндегі осындай іс-шараны ұйымдастырған, Отбасылық тәрбиелеу институтына алғыс айтамыз. Бұл қазір әр Қазақстандық отбасына қажет!!!