11 желтоқсанда Ақмола облысы Атбасар қаласының педагог-психологтары Көкшетау қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығы ұйымдастырған «Бақытты отбасы» тақырыбында  болған 10-сағаттық семинар-тренингтің қатысушылары болды. Оқыту семинарын Орталық басшысы Юлия Сарсекеева жүргізді. 

Іс-шарада отбасылық тәрбие жөнінде мынадай мәселелер қаралды:

  • Дисфункционалдық және функционалдық отбасылар
  • Отбасы дамуының дағдарыстық кезеңдері
  • Отбасындағы қарым-қатынас. Ол қандай болуы тиіс.
  • Отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасының қазіргі әдістері.

Жүргізілген осы және өзге тақырыптар алдағы уақытта Отбасылық тәрбиелеу мектептерін ашу арқылы әрбір оқу орнында ата-аналар жұртшылығымен жұмысты көкейкесті етуге көмектеседі. Қатысушылар берілген тақырыптардың теориялық негізінен басқа, көптеген авторлық әдістемелер (Лебедева Л.Д., Вачков И.В., Хухлаева О.В.) бойынша жұмыс жүргізді. Алынған білімдерді қолдану оқушылардың отбасылармен жұмыс істегенде өте тиімді нәтиже бермек.