«Бақытты отбасы» жобасын іске асыру шеңберінде Отбасылық Тәрбиелеу Институты 2015 жылдың 30 қаңтарында Астана қ. №8 «Думан» бала бақшасының тәрбиешілеріне арнап «Мектеп жасына дейінгі балалардың сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарды институттың маманы Г.Ж. Асилханова өткізді. Бала бақша тәрбиешілері мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде қолданылатын инновациялық технологиялармен танысты. Оларға түзету технологиялары жатады, оның мақсаты – ертегі терапиясы, түс терапиясы, музыка терапиясы секілді әдістемелерді пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалар бойындағы психоэмоционалдық күйзелісті басу.  

Тәрбиешілерді семинар материалдарымен таныстыру процесінде, тренер кіші мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған қозғалысты ойындар мен жаттығулар түрін, сондай-ақ 5 жастағы балалардың сөйлеуін дамытуға арналған ойындар мен жаттығуларды көрсетті.

Семинарда тренер мектеп жасына дейінгі балалар мекемесінде қолданылатын денсаулық қорғау технологияларының рөлі туралы мәселеге назар аударды, бұл технологиялардың мақсаты – балалардың бойында салауатты өмір салты туралы, өзіне және жақындарына алғашқы медициналық көмек көрсету туралы түсінік қалыптастыру үшін жағдайлар жасау, өз денсаулығын сақтау үшін қажетті білімдерді, шеберліктер мен дағдыларды дамыту және қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстың бұл формасына мыналар жатады: спорттық мерекелер, дене шынықтыру сәттері, таңғы жаттығу, көзге арналған жаттығу, тыныс жаттығулары, саусақ қимылдары және динамикалық жаттығулар, релаксация, тек бала бақша маңында ғана емес, сонымен қатар саябақтарда серуендеу, спорттық ойындар, шынығу, су процедуралары.

Семинарда 20 жылдан астам еңбек тәжірибелері бар тәрбиешілер болды, олар да кездесуге ризашылықтарын білдірді. Бұл сөзіміздің дәлелі семинар тыңдаушыларының өткізілген сабақтың барлық блоктарында, олардың практикалық жаттығулар орындау кезінде көрсеткен жоғары белсенділіктері болды. Тәрбиешілер жаңа жаттығуларды меңгеру барысында қуана-қуана сурет салып, қозғалысты ойындар ойнады, бұл алған жаңа білімдерін олар күні ертең өз қызметінде қолданатын болады.

Семинар «Ұйқастыру» жаттығуымен аяқталды. Бұл жаттығуды орындау барысында кездесу қатысушылары бұндай кездесулердің маңыздылығы туралы, бұндай семинарға қатысу – педагогтың жаңа білімдер ізденісінің тиімді жолы екендігін атап өтті.

Г. Ж. Асилханова