2015 жылдың 11 ақпанында Отбасылық Тәрбиелеу Институты Астана қаласының №3 қалалық емханасында «Отбасы және ата-ана махаббаты, психикалық дені сау тұлғаның негізі ретінде» тақырыбында тренинг өткізді.

Күнделікті қызу өмірде біз отбасылық тәрбие мәселелелеріне тым аз уақыт бөлеміз, өз балаларымызды тәрбиелеуде туындаған сұрақтарға дұрыс жауап табу үшін, кәсіби әдебиетке, отбасылық психолог мамандарға сирек жүгінеміз. Өзіміздің ата-ана ретіндегі көзқарасымыз туралы, ата-ана жауапкершілігі жайлы ойлана бермейміз. Бірақ, әрбір ата-анаға отбасындағы бала тәрбиесіне зейіндірек қарау қажет болатын уақыт туады. Егер шешілмеген мәселелер болса, оларды уақытында шешу қажет, бұл орны толмас олқылықтар мен қателіктердің алдын алады, қателіктерді жөндеуге жағдай жасайды. Тек кеңес беру жұмыстарында ғана емес, сонымен қатар, тақырыптық тренингтерде де отбасылық тәрбиедегі күрделі жайттарға жауап алуға болады, ол шараларда ата-аналар бала үшін сондай маңызды болып табылатын ата-ана мейірімін қалай көрсету керектігін үйренеді.

Емханада өткізілген тренинг қатысқан ата-аналарға мына мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді: біз көбінесе қандай жағдайларда өз балаларымыздың көзіне қараймыз?, ата-ана мен бала арасындағы физикалық байланыс қай кезде болады?

Тренинг өткізген психолог ата-аналарға бала тәрбиесінде отбасы мен ата-ана махаббаты қандай рөл ойнайтындығын сезінуге және түсінуге мүмкіндік берді.

Тренинг қорытындысында, кездесу қатысушылары өз отбасыларын гүл бейнесінде салу жұмысын орындады.