12-13 ақпанда Қызылорда облысының екі ауданында Отбасылық Тәрбиелеу Институты мектепке дейінгі мекеме педагогтарына арналған көшпелі оқыту семинарларын өткізді.

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың мектеп жасына дейінгі білім беру мекемелерінің жағдайларына сәтті әлеуметтік бейімделуі үшін инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану».

Арал қаласында семинар «Алтын балық» бала бақшасында өтті, оған 68 тәрбиеші қатысты, Қазалы ауданындағы «Ақбота» бала бақшасына бала бақша әдіскерлері, тәрбиешілері, психологтары келді. Жиналғандар саны – 69 адам. 

Тренингтер жағымды ниеттен басталды, «Есім мен қасиет» жаттығуын жүргізу арқылы танысу болды. Қатысушылар бір-бірлеріне допты бере отырып, өз есімдері мен өз қасиеттерін қуана-қуана айтып шықты. Содан кейін тренинг өткізудің жалпы ережесі келісілді. 

Кездесудің бірінші бөлігінде баланың бала бақшада бейімделуі туралы, психологиялық көмек туралы, арт-терапияның жаңа әдісін қолдану туралы және 3 жас дағдарысы туралы айтылды. Бұл блокта көптеген қызықты ақпарат берілді, тәрбиешілермен және психологтармен диалог болды, балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынастарын ашатын рөлдік ойындар мен көріністер, отбасыларда түрлі тәрбиелеу стильдерінде болатын өмірлік мәні бар жағдаяттар қолданылды.

Күннің екінші жартысында жаңа ойындар мен жаттығуларды зерделеуді көздейтін практика өтті. Арт-терапияның жаңа технологиялары барлық қатысушыларға қызықты болды, сурет салу барысында тәрбиешілер баланың суреті бойынша қалай дұрыс диагноз қоюға болатындығы туралы, ата-анаға қандай кеңес беру керектігі туралы сұрақтар қойды.

Тақырыптық үлестірме материал тренингтің барлық қатысушылары үшін сыйлық болды. Соңында барлық семинар қатысушылары сертификаттар алды.