«Бақытты болғың келсе – бол!». Бұл нақыл сөзде, кәсіби-психологтардың жоғары бағалайтынындай терең мағына жатыр. 

Бақыт дегеніміз – бұл сыртқы жағдайлар емес, бұл біздің ішкі сезіміміз бен бағалауымыз. Шығыс ойшылдарының айтуы бойынша, бақыт – бұл бақытсыздықтан қаша білу.

Біз барлығымыз қоғамда өмір сүргендіктен, кейде, қолайсыз жағдайларға түсіп жатамыз және жағымсыз сезімдерді сезінеміз.

Ережеге сай, көп жағдайды біз өз еркімізбен шешеміз, сондай-ақ, бізге дұрыс шешімін табуы қиын сәттер де кездесіп жатады. Осындай жағдайларда бізге педагог-психологтың көмегі қажет.  Солтүстік Қазақстанда, әрбір адам қалай психологтың қабылдауына жазыла алды деген сұраққа, Отбасылық Тәрбиелеу Институтының түлектері  жауап берді.  

Қиын жағдайға түскен білімгерлер мен жұртшылыққа психологиялық қолдау көрсету мақсатында, СҚО-ның Білім басқармасымен бірге телефон және электронды почтаның, әлеуметтік желілердің көмегі арқылы кеңес беретін психолог-кеңесшілердің тобы құрылды, бұл психолог мамандары Астана қаласындағы Отбасылық Тәрбиелеу Институтында біліктілігін көтерген мамандар болып табылады. Топ құрамына мына психологтар кірді: Оразбаева Аксаулеш Оразбаевна, Кажмуратова Айжан Бахытжановна, Терещенко Наталья Васильевна, Белова Ольга Викторовна, Штец Валентина Геннадьевна, Демчур Татьяна Николаевна, Иванова Маргарита Юрьевна, Шаяхметова Дана Сейдаковна, Скотынянская Надежда Анатольевна, Горобченко Юлия Борисовна.        

Осы мамандардың байланыс телефондары жазылған ақпараттық құжат дайындалды. Ол СҚО-ның барлық білім басқармаларына таратылады.          

Сондай-ақ, топтың психологтары аймақтың жұртшылығы мен жастарын әлеуметтік желілерде байланыста болуға шақырады: топта «Радуга Жизни», Контактіде және Facebook-те, сонымен қатар, Mail.ru-да «СҚО Психологтары».

Сіз, жалғыз емессіз! Мамандарға хабарласу барысында, кеңесші-психолог әрдайым еш кінәлаусыз Сізді тыңдайды, өзіңіздің сезімдеріңіз бен іс-әрекеттеріңізді түсінуіңізге және қиын жағдайдан дұрыс шығуға жолын көрсетеді.

И. Якимова