Атырау қаласының №18 орта мектебіндегі ата-аналар кездесуі «Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы» атты тақырыпта жүргізілді.

Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры, психолог-кеңесші Матаева Алтыншаш Туменбаевнаның қатысуымен өткізілген ата-аналар жиналысына 200-ден аса ата-аналар қатысты.

Кездесудің мақсаты – балалардың мінез-құлқында кездесетін ауытқушылықтың алдын алу және дені сау тұлғаның тәрбиеленуінің шарттарын талқылау. 

Жиналысты мектеп директоры Г.Т.Менешева ашты. Өзінің сөз сөйлеуінде ол кісі барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, жиналысқа белсенді қатысуларын сұранды.

Атырау қаласының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі К.Р.Рыскалиев өзінің сөзінде отбасы мен мектептің арасындағы байланысқа тоқталып өтті. Өкінішке орай мектеп пен отбасының арасындағы байланыс айтарлықтай нық емес, соның салдарынан бала тәрбиесінде ауытқушылықтар пайда болады, сол себепті әрбір мұғалім осы мәселені дұрыс жағына шығаруы тиіс екендігін айтты. Ол «отбасы-мектеп» жүйесінің әлсіздігіне байланысты, түрлі жағымсыз нәтижелер шығып жататындығын, мысалы бала тәрбиесінің, оқу процесінің, сонымен қатар баланың психологиялық денсаулығының бұзылуы мүмкін екендігіне көңіл бөлді.

Әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Отбасылық Тәрбиелеу Институтына, 2014 жылы ұйымдастырған ата-аналар қауымына арналған Республикалық конференциялардың сапалы өткізілгені үшін алғыс айтты. Осы іс-шараларға Атырау ауданының ата-аналары да белсенді қатысты. Ата-аналар тарапынан келген кері байланыс, осындай іс-шаралардың ата-аналар үшін қажет екендігін көрсетті.  Сол себепті, институттың басшыларынан алдағы 2015 жылы, ата-аналардың отбасы мәселесі бойынша сауаттарын түрлі инновациялық техникаларды пайдалана отырып дамытуды және отбасы мен мектептің арасындағы байланысты нығайтуларын сұранар едім.

Жиналыс барысында Атырау облысының Салауатты өмір салтын сақтау Орталығының директоры Г.К.Мамбетова, ата-аналар мен жасөспірімдерің психикалық денсаулығын сақтау жайында ұсыныстармен бөлісті.

Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығының директоры Матаева Алтыншаш Туменбаева, баланың отбасында тәрбиеленуі мен кез келген баланың өмірінде кездесетін дағдарыс жайында айтып өтті және стресті, қобалжуды, қорқынышты жоюға байланысты ұсыныстар берді. Отбасындағы баланың психологиялық және психикалық денсаулығын нығайтуға арналған әдіс-тәсілдермен бөлісті.

Жиналыс барысында ата-аналар барлық мамандарға педагогика, психология, салауатты өмір салты мәселесі бойынша сұрақтар қойды, әрине қойылған сұрақтарға жауап алды.

Кездесудің соңында ата-аналар ұйымдастырушыларды педагогикалық мәдениетін арттырғаны және қызықты тақырып таңдағандары үшін алғыс білдірді.

А. Матаева